Құрметті азаматтар!

Құрметті азаматтар!

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына  өтініштерді «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі бөлігінде жүзеге асыруға болады.

        Бұл сервис арқылы сіздер кез келген мемлекеттік органға хат жаза және жібере аласыз. Бұл жерде хаттың жеткізілуіне кепілдік береміз, оның мәртебесін бақылай аласыз әрі жауап хатты да алуға болады.

 Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

ҚР орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтарды қабылдаудың тәртібі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы

 Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13 тарауымен реттеледі

(92-бап.)

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсiздiкке) шағым әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе әкімшілік әрекет жасау (әрекетсiздiк таныту) туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген жағдайда, бұл мерзімді әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша шағымды қарайтын орган қалпына келтіруі мүмкін.

Шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру мақсатында шағымды қарайтын орган ауруды, еңсерілмейтін күштің мән-жайларын және адамды шағым беру мүмкіндігінен айыратын өзге де себептерді дәлелді себептер ретінде таниды.

  1. Шағым жасау үшін өткізіп алынған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды. Мерзімді өткізіп алу себептері шағымды қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіздердің бірі болып табылуы мүмкін.

Ауызша мәлімет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңызға болады:

Жалпы сұрақтар

Аудан әкімі аппараты жалпы бөлімшесінің басшысы

Муналиева Гүлнәр Нұрақынқызы

тел.: 8(72831) 5-23-52

Хат-хабарлар және азаматтарды қабылдауға жауапты

Аудан әкімі аппараты жалпы бөлімшесінің бас маманы:
Танибергенқызы Толғанай

Тел.: 8(72831)5-02-59

Панфилов ауданы әкімінің, орынбасарларының және аппарат басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдау

ҚАБЫЛДАУ  КЕСТЕСІ

Рет саны

лауазымы бойынша   атқаратын қызметі

 

 

фамилясы,                аты-жөні

қабылдау жүргізетін орны, кабинет нөмірі

қабылдайтын уақыты, күндері

1.

Аудан әкімі

Сағымбек Марат Рахымбердіұлы

300

 

әр айдың төртінші бейсенбісі

 сағат  1000-ден    1100  -ге дейін

2.

Аудан әкімінің орынбасары (экономика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік, қаржы мәселелері)

Керімбеков Төлеухан Нұрдәулетұлы

200

 

 

әр аптаның сейсенбісі

сағат 1000-ден 1100 -ге

 дейін

3.

Аудан әкімінің  орынбасары  (жол құрылысы, тасымалдау, байланыс,тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық мәселелері)

 

Ешенов Дидар Болатұлы

204

 

әр аптаның сәрсенбісі

сағат 1000-ден 1100 -ге

 дейін

4

Аудан әкімінің  орынбасары  (әлеуметтік, ішкі саясат, білім беру, денсаулық сақтау мәселелері)

Досмаилов Қанат Нұркешұлы

200

әр аптаның бейсенбісі

сағат 1000-ден 1100 -ге

 дейін

5.

Аудан әкімі аппаратының басшысы (ұйымдастыру,

 заң, мемлекеттік-құқықтық және кадр мәселелері)

Сқақов Ербол Абылайханұлы

303

әр аптаның жұмасы

сағат 1000-ден 1100 -ге

 дейін

 

 

 

 

Дата публикации
12 января 2021