Панфилов ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

Панфилов ауданы бойынша  коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының                 2 тармағына,  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 16) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, аудан әкімдігі                         ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Панфилов ауданы бойынша  коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
  2. Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 31 мамырдағы «Панфилов ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» № 240 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

      Панфилов ауданының әкімі

 М.Р. Сағымбек

 

Дата публикации
11 августа 2026