Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша 2026 жылдың ІІ тоқсанына мемлекеттік қызметтерді ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама

Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша 2026 жылдың ІІ тоқсанына мемлекеттік қызметтерді ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы.

2026 жылдың ІІ тоқсанында Панфилов ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдары арқылы мемлекеттік қызметтердің 58 түрі көрсетілді (қызмет ішіндегі қызметтер 65).

2026 жылдың ІІ тоқсанында жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 3918. Оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 0;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 96;
  • қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 803;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 629;
  • «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (ПЭП) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1720;
  • «Е-лицензиялау» АЖ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 670.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы.

Бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес                2026 жылдың ІІ тоқсанында жүргізілген бақылау іс-шараларының саны – 1.

IІ тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 1 (Панфилов ауданының «Басқұншы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ).

          ІІ тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 53. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 1.

          Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру курстарына жіберу, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімдер мен тәртіпке сәйкес (өтініштердің уақытылы тіркелуі, Қағиданың белгіленген басқада талаптарын сақтау) қамтамасыз ету бойынша қызметкерлерге түсіндіру және мемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың нормалары мен талаптарын бұзуға жол берген жауапты тұлғаларды тәртіптік жазаға тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы 3 ұсыныс беріліп, оның 2 орындалды, 1 орындалуда.

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда стенд жасалып, қағидалардың мәтіні ілінген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз, шағымдар болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс телефондары жазылып, арнайы жәшік қойылған.

          Аудан әкімдігінің фойесіне, Жаркент қаласы және ауылдық округтерде, мектептерде, балабақшаларда, жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, венеринария бөлімі және медициналық мекемелердің дәлізіне қызмет алушыларға арналған бұрыштар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты бейнероликтер көрсетілетін теледидар, е-гов арқылы қызмет алу үшін картридер, принтер, компьютер) жасақталған. Жаркент қаласы және ауылдық округтердегі бұрыштар арқылы барлығы ІІ тоқсанда 4212 қызмет алынды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар туралы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ұсыныстар берілді. Атап айтқанда:

  1. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінің орыс мәтінінде бірінші кезеңнің: 1-тармағы (Жеке тұрғын үй құрылысы үшін:) және оның 1) тармақшасы («Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;), 2) тармақшасы жоқ (жер учаскесінің орналасу схемасы).

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы     01 тамыздағы №287 бұйрығымен бекітілген Ереженің № 1 қосымшасының           8-тармағындағы орыс тіліндегі мәтіндерін сәйкестендіру ұсынылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары туралы

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халық арасында насихаттау мақсатында 2026 жылдың ІІ тоқсанында 15 іс-шара (оның ішінде: "QYZMET LIVE" тікелей эфир – 1, мемлекеттік қызметтерді насихаттау акциясы –10, мемлекеттік қызметтерді түсіндіру – 4) өтіп 4775 адамды қамтыды.

Аудандық «Жаркент өңірі» және «Жаркент айнасы» газеттеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу тәртібі бойынша 4 мақала жарияланды.

           Мемлекеттік қызметті көрсетуден қағаз түрінде бас тарту жоқ. Негізсіз бас тарту тіркелген жоқ.

 Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арыз, шағымдар түскен жоқ.

 

 

     Панфилов ауданы әкімі аппараты

     Мемлекеттік қызметтер мониторингі

     және ақпараттық технологиялар

     бөлімшесінің басшысы                                                   А. Касенов

Дата публикации
07 июля 2026