Ауданның 2026 жылдың қаңтар - мамыр айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

Ауданның 2026 жылдың қаңтар - мамыр айындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

 

Өнеркәсіпте 18,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 113,6%-ті құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 8,2 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 99,9%-ті құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5 млрд. теңге, нақты көлем көрсеткіші 154,1%-ті құрады.

29,8 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, 2025 жылғы тиісті кезеңге 127,6% құрады.

Аудан экономикасына 24,2 млрд. теңге инвестициялар тартылып, НКИ – 137,8%.

Бөлшек сауда айналым көлемі 29,1 млрд. теңгені құрады, НКИ – 100%. Көтерме сауда айналым көлемі 28,2 млрд.теңге, НКИ-38,9%.

Мемлекеттік бюджеттің бес айдағы жоспары 62,1%-ға орындалды, болжамдағы 47,5 млрд. теңгенің орнына 29,5 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық – 21,4 млрд. теңге немесе 53,7%), жергілікті – 8,1 млрд. теңге немесе (105,4%). Аудандық бюджетке 5,6 млрд.теңге түсіп, болжам 113,1%-ке орындалды. Бюджеттің шығыстар бөлігі 6,6 млрд.теңгені құрап, қаржы игеру 98,3%-ға орындалды.

Жалпы ауданда 1833 жұмыс орны құрылды.

 

 

Дата публикации
23 июня 2026