Панфилов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Панфилов Су құбыры» аудандық МКК-нің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі резерв, бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, орындар және желілердің өткізу қабілеті туралы мәлімет

 

Панфилов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Панфилов Су құбыры» аудандық МКК-нің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі резерв, бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, орындар және желілердің өткізу қабілеті туралы мәлімет

          

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабына сәйкес табиғи монополия субъектісі тоқсан сайын өз интернет-ресурсында немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша резервтердің, бос және қолжетімді қуаттардың, желілердің өткізу қабілетінің, сондай-ақ мүліктің орналасу сызбалары туралы ақпаратты жариялауға міндетті.

           Панфилов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Панфилов Су құбыры» аудандық МКК табиғи монополия субъектісі ретінде тұтынушыларды сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне қосу мәселелері бойынша ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында төмендегі ақпаратты ұсынады.

Сумен жабдықтау жүйесі Жаркент қаласы және Панфилов ауданының ауылдық елді-мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі: жер асты көздерінен су өндіруді, суды залалсыздандыруды, тұтынушыға жеткізуді қамтамасыз етеді.

          Сумен жабдықтау жүйесінің құрамына: 61 артезиан ұңғымасы, 58 таза су резервуары, 522,7 км  су құбыры желілері кіреді.

          Жер асты суының сапасы халықтың шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Судың сапасын кәсіпорынның лицензияланған (аккредиттелген) зертханасы бақылайды.

          Су бұру (кәріз) жүйесі Қаланың су бұру жүйесі ағынды суларды қабылдау, тазарту және бұру жұмыстарын қамтамасыз етеді. Кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 57,4 км. Ағынды суларды айдау үшін 1 кәріз насос станциясы жұмыс істейді.

       2026 жылдың I тоқсанына реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) желілерінің бос және қолжетімді қуаттары, сыйымдылығы, орындары және өткізу қабілеттілігі жоқ екенін  хабарлаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 июня 2026