Панфилов ауданы әкімі аппаратының, Жаркент қаласы әкімі аппаратының, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және Панфилов ауданы бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Панфилов ауданы әкімі аппаратының, Жаркент қаласы әкімі аппаратының, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және Панфилов ауданы бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

 

Жаркент қаласы                                                                     2026 жылғы 29 мамыр

 

  1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

 

Панфилов ауданы әкімі аппаратының, Жаркент қаласы әкімі аппаратының, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және Панфилов ауданы бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Панфилов ауданы әкімі аппараты басшысының 2026 жылғы 24 сәуірдегі №31-ө н/қ өкімі негізінде жүргізіліп, 2025 жылғы жұмыс кезеңін қамтылды.

Панфилов ауданы әкімі аппараты Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі №309 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызмет атқарады.

Жаркент қаласы және Панфилов ауданы ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі №311 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызмет атқарады.

Панфилов ауданының бөлімдері келесі қаулылармен бекітілген Ережелер негізінде қызмет атқарады:


            «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі – 2022 жылғы 15 шілдедегі №310 қаулы;
«Панфилов ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі – 2022 жылғы 15 шілдедегі №310 қаулы;
«Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі – 2024 жылғы 4 сәуірдегі №275 қаулы;

«Панфилов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі – 2024 жылғы 4 сәуірдегі №275 қаулы;
«Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі – 2024 жылғы 10 мамырдағы №328 қаулы; «Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі – 2024 жылғы 1 шілдедегі №391 қаулы; «Панфилов ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі – 2024 жылғы 4 шілдедегі №391 қаулы;
«Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі – 2025 жылғы 30 қазандағы №520 қаулы;
«Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі – 2026 жылғы 24 ақпандағы №62 қаулы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. ПАНФИЛОВ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ, ЖАРКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР ӘКІМДЕРІ АППАРАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ПАНФИЛОВ АУДАНЫ БӨЛІМДЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

2.1. Панфилов ауданы әкімі аппараты, Жаркент қаласы әкімі аппараты, ауылдық округтер әкімдері аппараттары және Панфилов ауданы бөлімдері өз қызметінде келесі заңнамалық актілерді басшылыққа алады:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  3. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  4. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі;
  5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  6. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  7. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  8. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  9. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  10. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  11. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  12. Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
  13. Қазақстан Республикасының Жер кодексі;
  14. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
  15. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
  16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 қаулысы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
  17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»;
  18. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы №1118 қаулысы «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері туралы»;
  19. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №335 қаулысы «Мемлекеттік органдар аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормалары және телефон байланысын пайдалану нормалары туралы»;
  20. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысы «Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлар туралы»;
  21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемақы белгілеу қағидаларын бекіту туралы»;
  22. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығы «Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы»;
  23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығы «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидалары туралы»;
  24. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы №227 бұйрығы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы»;
  25. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы №167 бұйрығы «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы»;
  26. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
  27. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы №630 қаулысы;
  28. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы.

 

2.2. Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша
(қайшылықтар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т.б.)

 

Ішкі талдау барысында жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына алғышарт жасайтын жекелеген нормаларды анықтады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №288 бұйрығымен бекітілген қағидалардың 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, жеке көмекші – бірінші топтағы жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамды алып жүру және объектілерге бару кезінде көмек көрсететін тұлға болып табылады.

Сонымен қатар, қолданыстағы қағидаларда алып жүру қызметіне кіретін әрекеттердің нақты тізбесі, көрсетілетін көмектің көлемі мен объектілердің түрлері айқындалмаған. Нормалардың жеткілікті деңгейде нақтыланбауы әртүрлі түсіндіруге, қызметтің формалды көрсетілуіне және іс жүзінде көрсетілмеген уақыт үшін негізсіз ақы есептеу тәуекелдеріне алып келуі мүмкін.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 163-бабының                          2-тармағына сәйкес, жеке көмекші қызметтері бірінші топтағы жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамдарға күніне сегіз сағаттан аспайтын көлемде көрсетіледі.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 69-бабы                            3-тармағына сәйкес, I және II топтағы мүгедектігі бар қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді.

 

Ұсыным:


          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жеке көмекші қызметін көрсету тетігін жетілдіру, қызмет көлемін алушының нақты қажеттілігі мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып икемді түрде белгілеу жөнінде ұсыныс енгізу.

         «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік қызметі, сондай-ақ «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік етуге, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтері қазіргі уақытта тек қағаз нысанында көрсетіледі, себебі ХҚКО ақпараттық жүйесінде аталған қызметтерді көрсету мүмкіндігі қарастырылмаған.

 

Ұсыным:


           Панфилов ауданы азаматтары үшін ХҚКО ақпараттық жүйелерін «Е-Собес» базасымен интеграциялау бойынша ұсыныс енгізу, бұл қызмет алушы мен орындаушы арасындағы тікелей байланысты азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

 

III. ПАНФИЛОВ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ, ЖАРКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР ӘКІМДЕРІ АППАРАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ПАНФИЛОВ АУДАНЫ БӨЛІМДЕРІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

3.1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы бағыты бойынша

 

  1. «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына кандидаттарды іріктеу және тағайындау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы №196 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Бос немесе уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс өткізбей ауыстыру тәртібімен тағайындау Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығына сәйкес жүргізіледі.
  3. Әңгімелесу сұрақтары мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленіп, бос лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес «Е-қызмет» жүйесіне әңгімелесуден бір күн бұрын енгізіледі.
  4. Жұмысқа қабылданған лауазымды тұлғалар арасында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

 

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда 24 мемлекеттік орган жұмыс істеді. Мемлекеттік қызметшілердің штат саны – 175 бірлік, нақты жұмыс істейтіндер – 159, бос орындар – 16.

2025 жылдың қаңтарынан бастап аудан бойынша 7 ішкі және 19 жалпы конкурс жарияланып, олардың нәтижесінде 26 адам тағайындалды.

Барлық конкурстық комиссиялардың жұмысына ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихат депутаттары бақылаушы ретінде қатысты.

Конкурсқа қатысушылардың тестілеуден өткені туралы сертификаттары арнайы ақпараттық жүйе арқылы тексерілді. 2025 жылы аталған рәсім бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметке алғаш кірген немесе үзілістен кейін қайта қабылданған барлық мамандар Жетісу облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінде міндетті арнайы тексеруден өтті.

2025 жылдың қаңтарынан бастап конкурс нәтижесі бойынша ұсынылған 26 кандидатқа қатысты сұрау салулар жолданды.

Барлық кандидаттар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «Ақпараттық сервис» базасы арқылы тексерілді.

Аудандағы мемлекеттік мекемелерде мүдделер қақтығысы, басшылармен аффилиирлену және жақын туыстардың бірлесіп жұмыс істеу фактілері анықталған жоқ.

2025 жылы 39 маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 5 адам Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімімен.

 

3.2. Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша

 

Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары:

  1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51-бабы талаптарын ескере отырып, жақын туыстардың тікелей бағыныстылығы және бір аудан шегінде басшылық лауазымдарды атқару фактілері анықталған жоқ;
  2. мүдделер қақтығысын мониторингтеу және реттеу функциялары аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне жүктелген;
  3. мүдделер қақтығысы бойынша ақпарат тоқсан сайын Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне ұсынылады;
  4. «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін талдау барысында тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер арасында аффилиирлену фактілері анықталған жоқ.

Қызметкерлердің жеке құжаттарын зерделеу арқылы жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың бірлесіп қызмет атқару фактілері тексерілді. Мұндай фактілер анықталған жоқ.

 

3.3. Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша

 

Панфилов ауданының жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Аудан деңгейінде барлығы 55 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 29 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы және баламалы негізде, 25 қызмет электрондық үкімет веб-порталы арқылы, 1 қызмет қағаз нысанында көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтердің 90%-ы автоматтандырылған түрде, ал 10%-ы қағаз форматында ұсынылады.

Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік органдарда ақпараттық стендтермен жабдықталған бөлмелер ұйымдастырылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуге жағдай жасалған.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында қызмет көрсету мерзімдері күн сайын «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы бақылауға алынады. Кешіктіру тәуекелдері көбіне Жаркент қаласы әкімі аппаратында байқалады.

Мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіретін полиграфиялық материалдар (постерлер) әзірленді.

2025 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 98 мақала жарияланып, аудан әкімінің Instagram және Facebook парақшаларында 2 бейнеролик орналастырылды.

Аудан әкімінің ресми сайтында аудан бөлімдері, ауылдық округ әкімдіктері және Жаркент қаласы әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің қағидалары орналастырылған.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жақсарту мақсатында ауданда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері өткізілуде.

2025 жылы 5 жәрмеңке ұйымдастырылып, онда тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу тәсілдері түсіндіріліп, консультациялар берілді. Мемлекеттік органдардың өкілдері өз қызметтерін таныстырып, жадынамалар таратып, баннерлер арқылы халыққа ақпарат берді.

Ішкі бақылау шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес 2025 жылы 7 бақылау іс-шарасы жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 7 ұсыным әзірленді.

Арнайы мониторингтік топ. Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдарда мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мақсатында аудан әкімінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы №01-ө н/қ «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі мониторингтік топ құру туралы» өкімімен мониторингтік топ құрылды.

Мониторингтік топ құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, депутаттар және қоғамдық кеңес мүшелері енгізілді. Талдау тобы 2025 жылы ауданның 10 мекемесіне талдау жүргізді.

Талдау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша талдамалық парақтар толтырылды (мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау мәселелері). Нәтижесінде анықталған 54 кемшіліктің барлығы толық жойылды.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 16 720. Оның ішінде:

  • қағаз түрінде көрсетілгені – 321;
  • қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілгені – 5 441;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгені – 3 895;
  • «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілгені – 2 292;
  • «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілгені – 4 771.

Қағаз нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 92.

Қызмет көрсетуден бас тартылған 6 қызмет түрі бойынша тыңдаулар өткізіліп, тиісті хаттамалар рәсімделді. 79 мемлекеттік қызмет бойынша қайталануына байланысты бас тартылған, 6 мемлекеттік қызмет бойынша өтініш берушілер қызмет алудан өздері бас тартқан, ал 1 өтініш бойынша «Е-Собес» бағдарламасы медициналық қарсы көрсетілімдердің болуына байланысты автоматты түрде қабылданбаған және тыңдау өткізуге жатпайды.

Негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсету және көрсетілген қызметтердің сапасына қатысты шағымдар тіркелмеген.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен қамтылған халық саны – 54 971 адам.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарына 7 маман қатысып, сертификаттар алды.

 

Жасырын мемлекеттік қызметтер бойынша ұсыныстар:

«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша қолданыстағы қағидаларға сәйкес қызмет көрсетушілер болып облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары және аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері айқындалған. Алайда бұл қызмет түрі кенттерде, ауылдарда және ауылдық округтерде қолжетімсіз.

 

Ұсыныс:  Қызмет көрсетушілер тізбесіне кенттерді, ауылдарды және ауылдық округтерді енгізу.

Сонымен қатар, аталған Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:

  1. Қызмет көрсетушінің кеңсесі және «электрондық үкімет» веб-порталы egov.kz арқылы. Алайда eGov порталы арқылы өтініш қабылдау мүмкіндігі болмағандықтан, мемлекеттік органдар өтініштерді кеңсе арқылы қабылдайды. Бұл қызмет eGov порталында автоматтандырылмаған.
  2. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың 8-тармағында мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің орыс тіліндегі мәтінінде:
  • 1-тармақ;
  • оның 1) тармақшасы;
  • бірінші кезеңнің 2) тармақшасы көрсетілмеген.

 

Ұсыныс: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №287 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың №1 қосымшасының 8-тармағындағы орыс тіліндегі мәтінді сәйкестендіру.

  1. «Жер учаскесін жалдау шартының телнұсқасын беру туралы» мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызметтер тізілімінің орыс тіліндегі нұсқасында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сілтеме көрсетілмеген.

 

Ұсыныс: Мемлекеттік қызметтер тізілімінің орыс тіліндегі нұсқасына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сілтеме енгізу.

Ұсынылады:

  • тоқсан сайын мақалалар жариялау;
  • акциялар өткізу;
  • мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелерін ұйымдастыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын тиісті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы жоғары тұрған органға ұсыныс жолдау.

 

3.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша

 

Ережеге сәйкес Панфилов ауданы әкімі аппараты мен ауданның ауылдық округтері рұқсат беру функцияларына ие емес.

«Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 16 мамырдан бастап «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

2025 жылы 2629 рұқсат беріліп, 532 рұқсат ұзартылды.

«Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

  • ағаштарды кесуге 58 рұқсат берді;
  • 18 өтінім кері қайтарылды;
  • 14 өтініш бойынша рұқсат беруден бас тартылды.

Қауіпті өндірістік объектілерді салу, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және жою жөніндегі жобалық құжаттаманы келісу қызметі бойынша:

  • 10 рұқсат берілді;
  • 7 өтінім кері қайтарылды.

Күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындық паспорттарын беру бойынша:

  • 2 рұқсат берілді;
  • 1 өтінім кері қайтарылды.

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөліну жолағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруды келісу бойынша:

  • 6 рұқсат берілді;
  • 6 өтініш бойынша бас тартылды.

Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару бойынша:

  • 1 рұқсат берілді.

Қалған бөлімдер рұқсат беру функцияларына ие емес.

Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

3.5. Бақылау функцияларын іске асыру бағыты бойынша

 

Панфилов ауданы әкімдігі қаулыларымен бекітілген ережелерге сәйкес Панфилов ауданы әкімі аппараты, Жаркент қаласы әкімінің аппараты, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары және Панфилов ауданы бөлімдері бақылау функцияларына ие емес.

 

3.6. Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша

 

2025 жылы аудан бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 3890 өтініш келіп түсті, оның ішінде аудан әкімі аппаратына – 1277 өтініш.

Барлық өтініштерге тиісті жауаптар берілді.

Аудан әкімі аппаратына келіп түскен 1277 өтініштің:

  • 117-сі қанағаттандырылды;
  • 678-і бойынша заңнамаға сәйкес жазбаша түсіндірмелер берілді;
  • 43 өтініштің қаралуы тоқтатылды;
  • 439 өтініш құзыреті шегінде қарау үшін өзге мемлекеттік органдарға жолданды.

Аудан әкімі мен оның орынбасарларының жеке қабылдауында 266 азамат болды, оның ішінде:

  • аудан әкімі – 85 азаматты;
  • аудан әкімінің орынбасарлары – 166 азаматты;
  • аппарат басшысы – 15 азаматты қабылдады.

Қабылдауда болған азаматтарға қолданыстағы заңнама шеңберінде түсіндірмелер берілді.

«Е-лицензия» ақпараттық жүйесі арқылы барлығы 913 өтінім келіп түсті. Барлық өтініштер заңнамаға сәйкес уақтылы қаралып, тиісті жауаптар берілді.

Сонымен қатар, талдау барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК), сондай-ақ осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптары толық көлемде сақталмайтыны анықталды.

ӘРПК-нің 89-бабына сәйкес хабарламаларға, ұсыныстарға, пікірлер мен сұрауларға берілетін жауаптар уәжді және мәні бойынша негізделген болуы, мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде ұсынылуы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме қамтуы, өтініш иесінің уәждерін растайтын немесе жоққа шығаратын нақты фактілерді және қабылданған шешімге шағымдану тәртібін түсіндіруді қамтуы тиіс.

Алайда жекелеген жағдайларда жауаптар өтініш берілген тілде ұсынылмаған.

Мысалы, 2025 жылғы 27 қаңтарда Атамекен ауылдық округі әкімі аппаратына Бермаханова Д.А.-дан Нұркент ауылы аумағындағы қаңғыбас иттерге қатысты шара қабылдау туралы орыс тілінде өтініш түскен. Аталған өтінішке 2025 жылғы 29 қаңтарда мемлекеттік тілде түсіндірме жауап берілген.

Сонымен қатар, іріктеп зерделеу барысында орындаушылар шешім қабылдау кезінде реквизит түрін дұрыс көрсетпеу фактілері анықталды.

Мысалы, 2025 жылғы 13 қарашада Ахметова Г.М.-дан Панфилов ауданының қала құрылысы құжаттамасын (бас жоспар, инженерлік коммуникациялар схемалары және т.б.) ұсыну туралы №ЖТ-2025-03999899 өтініші келіп түскен.

2025 жылғы 18 қарашадағы жауапта «Панфилов ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы қала құрылысы құжаттамасы тек қызметтік қажеттілік пен жұмыс процесіне арналғанын негізге ала отырып, құжаттарды ұсынудан бас тартқан.

Сондай-ақ өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу фактілері анықталды.

Атап айтқанда, 2025 жылғы 21 мамырда Жаркент қаласы әкімі аппаратына «Daubay films» ЖШС-нен №ЖТ-2025-01685432 өтініші келіп түсіп, Панфилов ауданы әкімі аппаратына тек бесінші жұмыс күні – 2025 жылғы 28 мамырда жолданған.

Атап айтқанда, 2025 жылғы 14 шілдеде Пилипенко А.А. «Нұр жолы» кеден бекеті аумағындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызмет сапасына қатысты (санитариялық кітапшалардың, сауда жасауға рұқсат құжаттарының болмауы және т.б.) №ЖТ-2025-02295194/1/2 өтінішін жолдаған.

Алайда «Панфилов ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ өтінішті құзыретті мемлекеттік органдарға (санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары, мемлекеттік кірістер органдары, Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі) жолдамай, мәселенің «ҚазАвтоЖол» АҚ құзыретіне жататынын түсіндірумен шектелген.

Осылайша, өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу, оларды құзыретті органдарға жолдамау және сапасыз қарау азаматтардың өтініштеріне уақтылы жауап алу құқығын бұзады.

Аталған бұзушылықтар қолданыстағы заңнама нормаларын елемеу және Қазақстан Республикасы ӘРПК талаптарына тиісінше қарамау салдарынан орын алған.

Ұсынылады: Анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша шұғыл шаралар қабылдау, оның ішінде қызметкерлер арасында ӘРПК нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

 

Талдау барысында Панфилов ауданы әкімі аппаратының, Жаркент қаласы әкімінің аппаратының, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және Панфилов ауданы бөлімдерінің мемлекеттік сатып алулары Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылатыны анықталды.

Қарастырылып отырған кезеңде Панфилов ауданы әкімі аппараты 182 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 4 сатып алу – ашық конкурс тәсілімен;
  • 2 сатып алу – рейтингтік-балдық жүйе конкурсы тәсілімен;
  • 62 сатып алу – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 21 сатып алу – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 93 сатып алу – электрондық дүкен арқылы.

 

2025 жылы «Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

  • 30 сатып алуды – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 4 сатып алуды – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 18 сатып алуды – өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден жүзеге асырды.

 

«Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 28 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 14 – өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден;
  • 6 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 5 – электрондық дүкен арқылы;
  • 1 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен.

 

«Панфилов ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 20 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 2 – өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден;
  • 6 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 2 – электрондық дүкен арқылы;
  • 7 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 3 – ашық конкурс тәсілімен.

2025 жылы «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 46 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 13 – өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден;
  • 16 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 14 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 1 – электрондық дүкен арқылы;
  • 2 – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәсілімен.

 

Қарастырылып отырған кезеңде «Панфилов ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 31 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 9 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 8 – рейтингтік-балдық жүйе конкурсы тәсілімен;
  • 2 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 3 – ашық конкурс тәсілімен;
  • 3 – электрондық дүкен арқылы;
  • 6 – өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден.

 

2025 жылы «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 139 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 38 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 21 – рейтингтік-балдық жүйе конкурсы тәсілімен;
  • 19 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 19 – ашық конкурс тәсілімен;
  • 42 – электрондық дүкен арқылы.

 

2025 жылы «Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі 23 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 1 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 12 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 10 – өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден.

 

2025 жылы «Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі 19 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 1 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 5 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 4 – электрондық дүкен арқылы;
  • 9 – өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден.

 

2025 жылы «Панфилов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі 45 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 11 – өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден;
  • 2 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 29 – электрондық дүкен арқылы;
  • 3 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен.

 

«Сарыбел ауылдық округі әкімі аппараты»  58 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 3 – ашық конкурс тәсілімен;
  • 32 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 9 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 14 – Omarket интернет-порталы арқылы.

 

«Шолақай ауылдық округі әкімі аппараты» 39 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 3 – ашық конкурс тәсілімен;
  • 29 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 7 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен.

 

Қарастырылып отырған кезеңде «Қоңырөлең ауылдық округі әкімі аппараты» 55 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 5 – ашық конкурс тәсілімен;
  • 29 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 6 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 15 – Omarket интернет-порталы арқылы.

 

2025 жылы Панфилов ауданы «Үлкеншыған ауылдық округі әкімі аппараты» 89 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 4 – ашық конкурс тәсілімен;
  • 34 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 11 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 17 – Omarket интернет-порталы арқылы.

 

Қарастырылып отырған кезеңде Панфилов ауданы «Көктал ауылдық округі әкімі аппараты» 104 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 8 – ашық конкурс тәсілімен;
  • 63 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 22 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 11 – Omarket интернет-порталы арқылы.

 

Қарастырылып отырған кезеңде Панфилов ауданы «Басқұншы ауылдық округі әкімі аппараты» 21 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 4 – ашық конкурс тәсілімен;
  • 12 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 5 – өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден.

 

2025 жылы Панфилов ауданы Жаркент қаласы әкімі аппараты 108 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 37 – ашық конкурс тәсілімен;
  • 21 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 18 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 32 – Omarket интернет-порталы арқылы.

 

2025 жылы Панфилов ауданы «Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты» 53 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 3 – ашық конкурс тәсілімен;
  • 32 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 15 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 2 – рейтингтік-балдық жүйе конкурсы тәсілімен;
  • 1 – электрондық дүкен арқылы.

 

Қарастырылып отырған кезеңде Панфилов ауданы «Талды ауылдық округі әкімі аппараты» 64 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 4 – ашық конкурс тәсілімен;
  • 49 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 10 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 1 – электрондық дүкен тәсілімен.

 

Қарастырылып отырған кезеңде Панфилов ауданы «Үлкенағаш ауылдық округі әкімі аппараты» 62 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 3 – ашық конкурс тәсілімен;
  • 35 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 19 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 5 – рейтингтік-балдық жүйе конкурсы тәсілімен.
  •  

Қарастырылып отырған кезеңде Панфилов ауданы    «Атамекен ауылдық округі әкімі аппараты» 64 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 5 – ашық конкурс тәсілімен;
  • 18 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 20 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 1 – рейтингтік-балдық жүйе конкурсы тәсілімен;
  • 20 – электрондық дүкен арқылы.

 

Қарастырылып отырған кезеңде Панфилов ауданы «Айдарлы ауылдық округі әкімі аппараты» 34 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 3 – ашық конкурс тәсілімен;
  • 1 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 8 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 1 – рейтингтік-балдық жүйе конкурсы тәсілімен;
  • 2 – өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден;
  • 20 – электрондық дүкен арқылы.

 

Қарастырылып отырған кезеңде Панфилов ауданы    «Үшарал ауылдық округі әкімі аппараты» 44 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

  • 2 – ашық конкурс тәсілімен;
  • 17 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
  • 19 – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен;
  • 6 – электрондық дүкен арқылы.

 

Ұсынылады: мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылық деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау, мемлекеттік сатып алу саласында оқыту семинарларын өткізу.

 

  1. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

 

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде жұмыс тобы келесіні ұсынады:

 

Мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық құқық

бұзушылықтарының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

Мемлекеттік қызмет саласындағы жауапты қызметкерлер арасында

қолданыстағы қағидалардың талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тоқсан сайын мақалалар жариялау, акциялар өткізу және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелерін ұйымдастыру;

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптарының қатаң сақталуын күшейту;

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын тиісті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы жоғары тұрған органға ұсыныс жолдау.

 

 

Аудан әкімінің орынбасары,

жұмыс тобының жетекшісі                                                          Т.Н.Керімбеков

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Панфиловаудандық
қоғамдық кеңесінің төрағасы                                                       А.Ж.Жақыбай

 

Аудан әкімі аппаратының

заң және мемлекеттік-құқықтық

бөлімшесінің басшысы                                                                 Н.Н.Молбаева

 

Аудан әкімі аппаратының

ақпараттық технологиялар және

мемлекеттік қызметтер мониторингі

бөлімінің басшысы                                                                          А.Р. Қасенов

 

Аудан әкімі аппаратының

персоналды басқару

қызметінің басшысы                                                                        З.Құрманбек

 

Аудан әкімі аппаратының

ұйымдастыру бөлімінің басшысы                                                   Ж.Ж.Иманпеисов

 

Аудан әкімі аппаратының

бас маманы, бас есепші                                                                    М.Е.Қалкабаева

 

ТАНЫСТЫ:

 

 Аудан әкімі                                                                           М.Р. Сағымбек

 

Дата публикации
02 июня 2026