2026 жылға арналған Панфилов ауданы әкімі аппаратының, Жаркент қаласы әкімі аппаратының, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және Панфилов ауданы бөлімдерінің қызметіндегі ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

                                                                    «БЕКІТЕМІН»

Панфилов ауданы әкімі аппаратының
басшысының уақытша міндетін атқарушы

________________ Д.Б. Ешенов

«___» __________ 2026 жыл

 

 

2026 жылға арналған
Панфилов ауданы әкімі аппаратының, Жаркент қаласы әкімі аппаратының, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және Панфилов ауданы бөлімдерінің қызметіндегі ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Ұсынымдар / іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін көрсету тәртібінің нақты реттелмеуі

Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныстар жолдау

2026 жылдың 15 маусым

«Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

2

Кейбір мемлекеттік қызметтердің тек қағаз түрінде көрсетілуі

ХҚКО ақпараттық жүйелері мен «Е-Собес» базасын интеграциялау бойынша ұсыныстар енгізу

2026 жылдың 15 маусым

«Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

3

Халықтың мемлекеттік қызметтер алу тәртібі туралы ақпараттандыру деңгейінің жеткіліксіздігі

Тоқсан сайын мақалалар жариялау, акциялар және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелерін ұйымдастыру

2026 жылғы 30 маусым, 30 қыркүйек

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесі

4

Кейбір мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылмауы

Мемлекеттік қызметтерді eGov порталы арқылы автоматтандыру бойынша уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізу

2026 жылдың 15 маусым

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесі

Осы жоспардың орындалуын бақылау Панфилов ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

Дата публикации
02 июня 2026