Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған Панфилов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Панфилов Су құбыры» аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымдар ТІЗБЕСІ

Бекітемін

Панфилов ауданы әкімдігінің  шаруашылық жүргізу құқығындағы "Панфилов Су құбыры" аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры

_______________Аманжанов А. А.

"29" мамыр 2026 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған,

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған

Панфилов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Панфилов Су құбыры» аудандық мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорнының лауазымдар

ТІЗБЕСІ

 

№ р/с

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

1.

Директор

Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін заңмен және Жарғымен айқындалған оның құзыретіне сәйкес дербес шешеді;

Сенімхатсыз кәсіпорын атынан әрекет етеді және оның мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде барлық органдарда білдіреді; кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

 шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

 кәсіпорын қызметкерлерімен еңбек шартын жұмысқа қабылдайды және бұзады;

 өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саласының уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады және өзінің  орынбасарлары мен  Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді.

Әкімшілік-шаруашылық, ұйымдық-басқару функцияларынан туындайтын тәуекелдер

жоғары

2.

Директордың орынбасары

                  шаруашылық шарттарды жасауды ұйымдастырады және олардың уақтылы орындалуын бақылайды;

           көліктің барлық түрлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, бұл қызметті қажетті механизмдермен және құрылғылармен жабдықтау бойынша шараларды қабылдайды;

      қажетті есепті және есептілікті жасауды ұйымдастырады;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауын бақылайды.

Әкімшілік-шаруашылық, ұйымдық-басқару функцияларынан туындайтын тәуекелдер

жоғары

3.

Директордың өндіріс жөніндегі орынбасары

ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешеді;

ұйымның ғимараттары мен құрылыстарын техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырады;

офистік шығыстардың бюджетін жоспарлайды;

көліктің барлық түрлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, бұл қызметті қажетті механизмдермен және құрылғылармен жабдықтау бойынша шараларды қабылдайды;      жұмыскерлердің үшін денсаулығын және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;      қажетті есепті және есептілікті жасауды ұйымдастырады.

Әкімшілік-шаруашылық, ұйымдық-басқару функцияларынан туындайтын тәуекелдер

жоғары

4.

Өндірістік-техникалық бөлім

Жөндеу жұмыстарының жоспарларын (желілерді ауыстыру) әзірлейді және жұмыс барысын бақылауды жүзеге асырады;

объектілерді қолданыстағы желілерге қосуға техникалық құжаттама береді;

сумен жабдықтау, су бұру объектілері мен сыртқы желілерінің пайдалануға дайындығы туралы қорытынды береді;

 қабылданған және төленген жұмыстардың көлемі мен құнын есепке алуды жүргізеді.

Негізсіз артықшылықтар беру, шартта бекітілген техникалық, сапалық сипаттамалардың талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды қабылдау;

коммерциялық құпияны және қызметтік мәліметтерді жария ету

жоғары

5.

Кадрлар бөлімінің маманы

Жұмысқа қабылдау,

Әңгімелесу өткізу және персоналды іріктеуге қатысу, еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асырады

коммерциялық құпияны және қызметтік мәліметтерді жария ету;

негізсіз артықшылықтар беруге әкеп соғатын шешімдер қабылдауға ықпал ету

жоғары

6.

Тұтынышылар  бөлімнің бастығы

Тұтынушылармен сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетуге шарт жасасу және қайта жасасу;

 ҚР заңнамаларына сәйкес көрсетілетін қызметтер шартының нысанын өзектендіруді жүргізу;

 кәсіпорын қызметтерін тұтынушылармен есеп айырысулар мен қайта есептеулер жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету; ауыз су мен сарқынды суларды өткізу көлемін есепке алуды бақылайды.

Тұтынушыларға негізсіз артықшылық беру;

деректерді бұрмалау;

 ақпараттың дұрыс бермеу

жоғары

7.

Специалист по государственным закупкам

конкурстар, баға ұсыныстарын сұрату, электрондық сатып алу туралы ақпаратты талдауға, ұйым басшылығы үшін конкурстарға қатысу жөнінде ұсынымдар дайындауға, өнім берушілер туралы дерекқорды қалыптастыру және қолдауға, тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізуге, тапсырыс берушіден конкурстық құжаттаманы, өтінімді алуды жүзеге асыруға, сатып алу іс-шараларына қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады;      Кәсіпорын қатысатын конкурстар мен баға ұсыныстарының нәтижелеріне бақылау жүргізеді, ұйымға тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаларды, тендердің жеңімпазын таңдау туралы хаттамаларды алады, мемлекеттік сатып алу конкурсы туралы алынған нәтижелерді талдайды, қайталама конкурс, баға сұратулары туралы ақпарат алады;     

мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;

тауар немесе өнімнің белгілі бір түрлерін сатып алу бойынша сарапшылармен консультациялық хат-хабар алмасуды жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылатын тауарға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге өтінімді дайындау кезінде, мемлекеттік сатып алу шарттары жасалған кезде және одан кейін туындайтын тәуекелдер;

Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша өнім берушілермен, орындаушылармен тікелей байланыс тәуекелдері.

жоғары

8.

Қойма меңгерушісі

тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату, қойма алаңдарын барынша ұтымды пайдалануды, қажетті материалдарды, инвентарьды жылдам әрі жеңіл тауып алу қажеттілігін ескере отырып, оларды орналастыру бойынша жұмысқа басшылық жасайды;

 тиеу деректемелерін жинау, сақтау және өнім берушілерге уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етеді;

      тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізуге қатысады

Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша өнім берушілермен, орындаушылармен тікелей байланыс тәуекелдері;

коммерциялық құпияны және қызметтік мәліметтерді жария ету;

тауарлық материалдық құндылықтарды негізсіз есептен шығару тәуекелі

жоғары

 

     

Директордың орынбасары                                                                                                Кудеров Д.А.

 

Дата публикации
02 июня 2026