Қазақстанда «Парыз-2026» байқауы басталды

Қазақстанда «Парыз-2026» байқауы басталды

 

Панфилов  ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі – бөлім) 2026 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі « Парыз» байқауының басталғанын хабарлайды. Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Байқау өңірлік және республикалық екі кезеңнен тұрады. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері  4 аталым «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» бойынша өзара үздікті анықтайды. Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы табысталады.

Байқауға қатысу тегін. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары hr.enbek.kzсайт арқылы қабылданады.

Өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын ескере отырып, бөлім  ауданның  барлық кәсіпкерлерін «Парыз» байқауына белсенді қатысуға шақырады.

Байқауға қатысты өзге ақпаратты білу үшін бөлімге мына мекен-жай бойынша: Жаркент  қаласы, Масанчи 23 көшесі, байланыс телефоны 8/728-31-51048  арқылы хабарласуға болады.

 

Дата публикации
08 мая 2026