Шолақай ауылдық округі Панфилов ауданының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Орталығы Шолақай ауылы. Ауылдық округтің жалпы аумағы 320 шаршы км. Жалпы халық саны - 5060 адамды құрайды.
Ауылдық округ аумағына Шолақай, Диханқайрат және Жиделі сынды елді мекендер кіреді. Ауылдық округте екі жалпы білім беретін орта мектеп, бір дәрігерлік емхана, фельшерлік пункт және №16 учаскелік полиция пункті орналасқан.
«Шолақай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
| Мекенжайы | Панфилов ауданы, Шолақай ауылы, Мектеп көшесі №2 |
| Кеңсе телефоны | 8(728)31-58145 |
| a.arsalamov@zhetysu.gov.kz | |
| Индекс | 041331 |
| Ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі уәкілетті тұлға | Абдували Азамат Ерджанұлы 8(728)31-58930 |




