«Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі округ әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
Көктал ауылдық округі 1926 жылы құрылған. Орталығы-Көктал ауылы. Округ 3 ауылдан тұрады: Көктал, Ақжазық, Аққұдық ауылдары. Аудан орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан. Көктал ауылымен Ақжазық ауылының арақашықтығы 7 шақырым, Аққұдық ауылының арақашықтығы 6 шақырым болады. Халық саны 2024 жылға 12257 адам. Көктал ауылдық округінде 4 мектеп, 3 балабақша, мәдениет үйі, 2 аурухана бар оның 1- 20 орындық учаскелік аурухана. 2 – 49 орындық оңалту орталығы, 2 - ФАП тұрғындарға медициналық қызмет көрсетеді. Сонымен қатар 1-жүгері зауыты, 3- ЖШС, 1- жол жөндеу мекемесі, 1- диірмен, 1- сүтті қайта өңдеу цехы бар. Шағын бизнес субьектілерінің саны – 73. Оның ішінде- 49 дүкен, 16 – тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету нысандары,3- жанар - жағармай стансасы, 8 - қоғамдық тамақтандыру орындары жұмыс істейді. 2- наубайхана, 333 - шаруа қожалық бар.
| Мекен-жайы: | Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылы, Ыбраймолдаев №56 |
| Қабылдауға жазылу телефоны: | 872837-37-746 |
| e-mail: | baturbek.kadyrbaev@zhetysu.gov.kz |
| Индекс: | 041316 |
|
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлға: |
Жангазиев Талғат Берлинұлы, жұмыс телефоны:872831-37746 |



Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған


