«Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 6 айына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Қызметті беруші туралы мәлімет: «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, почталық мекен-жайы: 041314, Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Алтыүй ауылы, Желтоқсан көшесі 19. байланыс тел. номері: 8(72831)3-11-08
мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Округ әкімінің аппараты жалпы 5 түрлі қызмет көрсетеді. Көрсетілген қызметтер саны барлығы – 24. Оның ішінде:
Аудандық бөлімдермен бірігіп көрсететін қызметтер:
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қол жеткізу көздері мен орындары: «Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ғимаратында көрнекті ақпарат құралдары – стандарттар мен регламенттердің мәтіні ілінген стендттер орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 6 айда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 1 дөңгелек үстел өткізіліп, оған барлығы 12 адам қатысты.
2024 жылдың 6 айында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Ескертпе: есеп «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 5 және 6-баптарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру мақсатында ұсынылды.