Меню

Страницы

Статья

Жетісу облысында вакцинаның алғашқы дозасын алғандар саны 319 392 адамға жетті

Бүгінгі таңда Жетісу облысында вакцинаның алғашқы дозасын алғандар саны 319 392 адамға жетті, бұл иммундауға жататын ересек тұрғындардың 83% - ын құрайды. Ал екінші компонентті – 306 844 азамат немесе 79,8% алды.
Сонымен қатар, облыста ревакцинация бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 12 қыркүйектегі статистика бойынша өңірде ревакцинация курсынан 141954 адам өтті, яғни 59%. Оның ішінде 29512 адам Pfizer-ден Комирнати вакцинасымен қайта вакцинацияланды.
Осы вакцинамен иммундау жұмыстары жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында да жалғасуда. Бүгінгі таңда вакцинацияланған халық саны 34980 адамды құрайды, оның ішінде 25195 жасөспірім, 1061 жүкті әйел және лактация кезеңінде 5252 әйел. Вакцинаның екінші компонентін 33772 азамат алды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер-24309,  1004 - жүкті және 5109  бала емізетін әйелдер.

Дата публикации
13 сентября 2022
Дата обновления
13 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Мәслихат - 2026
16 октября 2026
инфографикалар
15 октября 2026
Сайлау округтары мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы