25 тамыздағы жағдай бойынша Жетісу облысында КВИ-дің зертханалық расталған 38307 жағдайы тіркелген. Соңғы тәулікте КВИ – дің 3 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны-0,01%. Оның 2-еуі ересектер арасында, 1-еуі 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді.
Облыс өңірлері бөлінісінде Сарқан ауданында - 1, Талдықорған қаласында -1, Текелі қаласында 1 жағдай анықталды.
Сонымен қатар Жетісу облысында вакцинаның алғашқы дозасын 319 316 адам алды, бұл иммундауға жататын халықтың 83,0%-ы. Екінші дозаны 306 751 адам немесе 79,7% алды.
"Комирнати" вакцинасымен 2065 жүкті әйел, лактация кезінде 10 358 әйел және 49 497 жасөспірім егілді. Сонымен қатар, ревакцинация курсынан 141471 адам, қайта ревакцинация курсынан өңірдің 16737 тұрғыны өтті.