"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 3-1-тармағына сәйкес:
Ақсу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы №6, 7 сайлау округтері бойынша шығып қалғандарының орнына Ақсу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлауды тағайындады.
№6 сайлау округі Қарашілік ауылдық округінің Сағабуйен, Сағакурес, Қарашілік және Сырттанов ауылдық округінің Қопа ауылдарының әкімшілік-аумақтық шекараларында орналасқан.
№7 сайлау округі Жансүгіров ауылдық округі Көкөзек, Ақсу ауылдық округінің Ақсу, Қазақстан, Қазсельхозтехника, Өнім, Көкжайдақ, Шолақөзек ауылдарының әкімшілік-аумақтық шекараларында орналасқан.
Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы №8 сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Қаратал аудандық мәслихатының депутатын сайлауды тағайындады.
№8 сайлау округі Қаратал ауданы, Үштөбе қаласының № 138, 142, 144 сайлау учаскелерінің шекараларында орналасқан.
Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы №10 сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Кербұлақ аудандық мәслихатының депутатын сайлауды тағайындады.
№10 сайлау округі Алтынемел ауылдық округі Алтынемел, Жайнақ ауылдық округінің Жайнақ, Доланалы, Ақбастау, Жаңалық, Қарымсақ ауылдарының әкімшілік-аумақтық шекараларында орналасқан.
Сайлау 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалды, мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 30 тамызда басталып, 2023 жылғы 28 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне), егер тиісті өкілеттік Жарғыда көзделген жағдайда және Азаматтарға өзін-өзі ұсыну жолымен тиесілі болады.