2024 жылғы 8 желтоқсанда Жетісу облысында 7 сайлау округінде(-тарыңда) Ақсу, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Сарқан аудандарында болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 21 - кандидат ұсынылды. Оның ішінде: 6 - саяси партиялар, - 15 - і өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 16 – ер адам және 5 – әйел адам.
14 кандидат саяси партияларының мүшесі болып табылады, 7 партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас - 42 жас. Ұсынылған кандидаттар 18 - қазақ, 3 – орыс.
16 кандидаттың жоғары білімі, 3 – орта кәсіптік, 2- орта білімі бар.
Кандидаттардың 17 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда, 3 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды, 1 - саяси партия қызметкері.
Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2024 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 3 кандидатты тіркеді.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 13 қараша сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 7 желтоқсан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.