Облыстың атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша белгілі жұмыстар жүргізуде.
Мемлекеттік органдар қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы шаралар қабылдайды.
Облыстың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес 2022 жылғы 18 мамырдағы өзгерістер мен толықтырулармен 296 мемлекеттік қызметтер мен қосалқы қызметтер көрсетеді.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде "электрондық үкімет" веб-порталы мен Мемлекеттік корпорацияны қоспағанда, Облыстың мемлекеттік органдары мен мекемелері 886 163 қызмет көрсетті.
Олардың ішінде:
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту саны-239.
Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың есепті кезеңінде барлығы 46 бақылау іс-шарасын өткізді. Бақылау іс – шараларымен 46 объект қамтылды, оның ішінде 43– жергілікті атқарушы органдар және 3-ведомстволық бағынысты ұйымдар.
Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың есепті кезеңінде барлығы 46 бақылау іс-шарасын өткізді. Бақылау іс – шараларымен 46 объект қамтылды, оның ішінде 43– жергілікті атқарушы органдар және 3-ведомстволық бағынысты ұйымдар.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 62 ұсыныс әзірленді.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс – шараларының жалпы саны – 381, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша халықты түсіндіру іс-шараларымен қамту-69068 адамды құрады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан қызмет көрсетуге жауапты 23 адам өтті.
Жалпы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жұмыс одан әрі жалғасатын болады.