Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік сатып алу

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы №434 "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 2-бабының 16) тармақшасына және облыс әкімдігінің 2022 жылғы 21 шілдедегі №7 "Облыстың бірыңғай ұйымдастырушысы туралы" Қаулысына сәйкес, Басқарма Жетісу облысының бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылады.

Осылайша, Басқарма қызметінің негізгі бағыты облыстың, облыс ауданының, облыстық маңызы бар қаланың, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның тиісті әкімдігіне ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілер үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу болып табылады (оның ішінде облыстық және аудандық коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ елу және одан да көп пайыз заңды тұлғалар дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекетке тиесілі болуы және олармен үлестес заңды тұлғалар, 2018 жылғы 29 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №1127 бұйрығына № 2-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік сатып алу процедураларын іске асырады.

Басқарма өткізетін мемлекеттік сатып алулар:

1) жылдық көлемі құндық мәнінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық мың еселенген мөлшерінен асатын тауарлар;

2) жылдық көлемі құндық мәнінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық мың еселенген мөлшерінен асатын жұмыстар жатады;

3) жылдық көлемі құндық мәнінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын жобалау-сметалық құжаттаманы және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу;

4) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу және оларды күтіп-ұстау;

5) жылдық көлемі құндық мәнінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау және жобаларды басқару жөніндегі қызметтер);;

6) жылдық көлемі құндық мәнінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық мың еселенген мөлшерінен асатын көрсетілетін қызметтер.

 

Документы
Ақпарат
16 июля 2024
2024 жылғы І жартыжылдықта Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының атқарған жұмысы туралы ақпарат
Ақпарат
16 апреля 2024
2024 жылғы І тоқсанда Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының атқарған жұмысы туралы ақпарат
Ақпарат
12 января 2024
Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының 2023 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
24 апреля
«Мемлекеттік сатып алу саласы» тақырыбындағы интернет-конференция
19 декабря
«Мемлекеттік сатып алу саласы» тақырыбындағы интернет-конференция
15 февраля
«Ашық диалог» порталында сауалнама жүргізу туралы хабарландыру
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы