
Жетісу облысының аумағында туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады; туристік қызметтер нарығын талдайды және уәкілетті органға Жетісу облысының аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтерді ұсынады; облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді; Жетісу облысының аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді; балалар мен жастар лагерлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдемдеседі; туристік қызмет субъектілеріне әдістемелік көмек көрсетеді және туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде консультациялық көмек; халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті объектілерді салу және дамыту жөнінде шаралар қабылдайды.