
Кузубаев Гафур Нихмаджанович 1980 жылы Сарқан ауданы Сарқан қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Ресей Федерациясы Томск мемлекеттік университетін мемлекеттік және муниципалдық басқару мамандығы бойынша үздік бітірді.
Еңбек жолын 2004 - 2006 жж. - Алматы облысы экономика басқармасының жетекші маманы.
2006 – 2009 жж. – Алматы облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы.
2009 – 2012 жж. – Алматы облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің басшысы.
2012 – 2016 жж. - Алматы облысын дамыту бойынша «Алатау» АҚ бюджеттік жоспарлау және корпоративтік даму департаментінің жетекші маманы, бас менеджері.
2016-2018 жж. - Талдықорған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
2018-2023 жж. - Алматы облысы әкім аппаратының бас инспекторы, Алматы облысы, Жетісу облысы әкім аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы, Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары.
2024 жылдың ақпан айынан бастап Жетісу облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары болып тағайындалды