GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Басқарма туралы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
23 октября 2026
«Дәстүрлі діндердің негізгі қағидалары және жалған ағымдардың белгілері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

    2026 жылғы 23 қазанда сағат 11:00-де Талдықорған қаласындағы «Авиценна» колледжінің студенттерімен «Дәстүрлі діндердің негізгі қағидалары және жалған ағымдардың белгілері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

    Шараны Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог-психолог Қанат Маратұлы Мутебаев өткізді.

    Кездесу барысында маман дәстүрлі діндердің негізгі қағидалары мен діни сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, жалған діни ағымдардың белгілері және олардың қоғам мен жеке тұлғаға тигізуі мүмкін қауіптері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар студенттерге діни ақпаратты саралай білу, ақпарат көздерінің сенімділігін тексеру, күмәнді мәліметтерге сын көзбен қарау және теріс діни ықпалдардан сақтану қажеттігі түсіндірілді.

    Іс-шара аясында қатысушыларға тақырыпқа қатысты ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

   Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі діни құндылықтар туралы түсінігін кеңейту және жалған діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдарын түсіндіру.

15 октября 2026
Жеке қабылдау өтті

     Басқарма басшысы Сағыныш Асқарұлы Талдықорған қаласындағы Рим-католик шіркеуінде миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін келген Оңтүстік Корея Республикасының азаматы Шин Минок және О Ыньёнг пен кездесті.


     Кездесуде аталған миссионерлерге ҚР “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Заңы аясында қызметтерін жүзеге асыру қажет екендігін жеткізіп, өз қызметтерін тек діни бірлестік аумағында тиісті заңнама талаптарын толық сақтай отырып жүргізулері тиіс екендігін атап өтті.
Миссионерлік қызметтің талаптары толық түсіндірілді. 

12 октября 2026
Кәмелетке толмағандар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

   2026 жылғы 5–9 қазан аралығында Жетісу облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігі мен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) мүшелері кәмелетке толмағандар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шаралардың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің діни сауаттылығын арттыру, зайырлылық қағидаттарын түсіндіру, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ толеранттылық пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру.

    Кездесулер барысында діни экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жасөспірімдерге интернет кеңістігіндегі күмәнді ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау, ақпарат көздерінің сенімділігін тексеру және деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары түсіндірілді.

    Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өскелең ұрпақтың діни сауаттылығын арттыруға, зайырлы қоғам құндылықтарын нығайтуға және жастар арасында радикалды көзқарастардың алдын алуға бағытталған.

08 октября 2026
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысы өтті

     Астанада Қазақстан Республикасының Вице-Президенті – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Ерлан Қариннің төрағалығымен Хатшылықтың XXIV отырысы өтті. 

     Оның жұмысына 20 елден келген әлемдік және дәстүрлі діндердің, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың 30-дан астам беделді өкілі қатысты. 

     Ерлан Қарин бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім, адамды құрметтеу сияқты конституциялық құндылықтар Қазақстанның даму бағдарын айқындайтын маңызды қағидаттар екенін, мұның Съезд миссиясымен үндесетінін атап өтті. Осы ұстанымдарға арқа сүйей отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен еліміз теңгерімді және бейбіт сипатта дәйекті сыртқы саясат жүргізіп келеді. 

     Съезд осы жылдар ішінде дінаралық диалогтың бірегей алаңы ретінде қалыптасты. Оның әріптестік желісі кеңейіп, діни бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығы нығая түсті. 

    – Осыған дейін қалыптасқан құндылықтар іргетасы Съездің практикалық мазмұнын кеңейтуге мүмкіндік береді. Яғни құжаттарды бірлесіп әзірлеуге, әріптестікті нығайтуға және нақты жобаларды іске асыруға жол ашады, – деді Вице-Президент. 

    Отырыс соңында 2025 жылғы Астана бейбітшілік декларациясын дамыту мақсатында әзірленген екі халықаралық құжат қабылданды. Олар – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі діндердің рөлі» және «Діни салада жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық кодексі».

   Ақпарат көзі: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми парақшасынан

07 октября 2026
Жетісу облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

      28 қыркүйек – 2 қазан аралығында Жетісу облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігі мен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) мүшелерінің ұйымдастыруымен әртүрлі мақсатты топтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  Іс-шаралардың негізгі мақсаты – қатысушылардың діни сауаттылығын арттыру, зайырлылық қағидаттарын, толеранттылық пен ұлттық құндылықтарды насихаттау.

    Кездесулер барысында діни экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алу, олардың негізгі белгілері мен ықтимал қауіптері туралы түсіндірме берілді. Сонымен қатар қатысушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, ақпаратты дұрыс саралауға және деструктивті діни ағымдардың ықпалына қарсы тұру дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

     Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жастар мен түрлі әлеуметтік топтардың құқықтық және ақпараттық мәдениетін арттыруға, қоғамдағы тұрақтылық пен діни келісімді нығайтуға бағытталды.

05 октября 2026
Тәжірибе алмасу — кәсіби дамудың негізі

   
     1–2 қазан күндері «Деструктивті діни ағымдардың жақтастарын оңалтудың теологиялық, құқықтық және әлеуметтік ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.
    Іс-шараға Жетісу өңірінен Орталық директоры Даулет Серікұлы Қазыкеновтың басшылығымен орталық мамандары қатысты.
   Семинар барысында оңалту жұмыстарының теологиялық, құқықтық және әлеуметтік аспектілері талқыланды. Қатысушылар практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыстың тиімді тәсілдерін зерделеді.
    Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

02 октября 2026
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    28 қыркүйек – 2 қазан аралығында «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ мен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) мүшелері бірлесіп, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шаралардың негізгі мақсаты – тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді нығайту, сондай-ақ дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау.

    Кездесулер барысында дін саласындағы мемлекеттік саясат, зайырлылық қағидаттары, діни ақпаратты дұрыс қабылдау және күмәнді ақпараттардан сақтану мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушыларға экстремизм мен терроризмнің алдын алу, ұлттық және рухани құндылықтарды сақтау жөнінде ақпараттар берілді.

02 октября 2026
ҚАРТТАР КҮНІ КҰТТЫ БОЛСЫН!

  Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді

  "Халықаралық қарттар күніне орай" Жетісу облысының дін істері басқармасы ұжымы дін саласының тұрақтылығы мен дамуына, сондай-ақ қоғамда ұлттық және рухани құндылықтардың кеңінен насихатталып, дәріптелуіне елеулі үлес қосқан сала ардагерлерін және бүгінде зейнеткерлік демалыста жүрген азаматтарды арнайы құттықтады. Басқарма ұжымы ардагерлерге ізгі тілектерін білдіріп, кәдесыйлар табыстады.

   Құрметті ардагерлер!

  Сіздердің саналы ғұмыр жолдарыңыз бен ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз – кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілейміз!

  Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!

28 сентября 2026
Жетісу облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    21–25 қыркүйек аралығында Жетісу облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігі мен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) мүшелері бірлесіп, түрлі мақсатты топтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шаралардың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандарға мектептегі зайырлы этика қағидаттары мен бірыңғай мектеп формасының маңызын түсіндіру, білім мен ғылымның құндылығын насихаттау, жастардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру.

    Сонымен қатар мәдениет саласының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, зайырлылық қағидаттарын мәдени іс-шаралар арқылы дәріптеу, өнер мен діннің арақатынасы, шығармашылық еркіндік және радикалды шектеулердің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Кездесулер барысында қатысушыларға қоғамдағы өзара құрмет, зайырлы құндылықтарды сақтау, сапалы білім алудың маңызы және ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау жөнінде ақпарат берілді.

25 сентября 2026
ҚМДБ, Жетісу облысы бойынша өкілдігінің имамдарына арналған оқыту семинары өткізілді.

    ҚМДБ, Жетісу облысы бойынша өкілдігінің имамдарына арналған оқыту семинары өткізілді.
Семинарға Басқарма басшысы Жаңабай Сағыныш Асқарұлы, Республикалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Кенжалин Данияр Айтбайұлы қатысты.

    Іс-шара барысында діни сауаттылықты арттыру, халық арасында түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізу және діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар, кездесу аясында «Адалдық және рухани құндылықтар» тақырыбы қозғалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен оның алдын алу, қоғамда адалдық, өзара құрмет пен парасаттылық құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығы тілге тиек етілді.
Бұл бағыттағы жұмыстарға дін өкілдерінің де үлес қосуы маңызды екені жеткізілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы