Жетісу облысының дін істері басқармасы
Дін саласында мемлекеттік көрсетілетін 2 мемлекеттік
қызметтер туралы
2024 жылғы 1 тоқсаны бойынша ақпарат
1.Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» Қағидаларына сәйкес:
- миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді (қайта тіркеуді) жүргізу;
- «діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» туралы.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына, және Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының негізіде 2024 жылдың бірінші тоқсанында:
- «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу» көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша облыс көлемінде - 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
-«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» туралы -0 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Басқармаға қарасты интернет-ресурстарда (Instagram, Tik-tok парақшаларында) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа кошерілуі бойынша іс-шаралар атқарылады. Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру топтарда тоқсан сайын діни бірлестіктер жетекшілерінің Клуб отырысында кеңінен насихаттау жұмыстары атқарылады.