
Діни ахуалға мониторинг және талдау жасау дін саласындағы процестердің дамуын қадағалайтын мемлекеттік органдар қызметіндегі негізгі құрамдас бөліктердің бірі болып табылады. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң діни саясаттың даму бағыттарын реттейтін негізгі құжат болып табылады. Дін саласындағы тұрақтылықты сақтау үшін ықтимал проблемаларды уақтылы анықтау және олардың алдын алу тәртібімен жауап беру үшін қоғамдағы жағдайды үнемі зерделеу қажет. Діни ахуалға мониторинг облыстың әрбір ауданы мен қалаларының ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамның діни саласында болып жатқан процестерді тұрақты бақылау арқылы жүзеге асырылады.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 1-тармағына сәйкес, құдайға құлшылық ету, діни әдет-ғұрыптар мен рәсімдер үшін қажетті, сондай-ақ діни нышанның элементтері бар заттар, бұйымдар мен атрибуттар, дiни мақсаттағы заттар болып табылады.
Осыған орай Заңның 6-бабына сәйкес, бұл заттар дінтану сараптамасының объектілеріне жататындықтан оларға дінтану сараптамасы жүргізіледі. Дінтану сараптамасының нәтижесі бойынша заттың діни қатыстылығын анықтайтын хат дайындалады.