Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ММ-нің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері 2026 жылдың 25 қыркүйегінде облыс аумағында орналасқан мемлекеттік резервтік қор жерлерінде аңшылар мен балықшылар арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында аңшылық және балық аулау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау, тиісті рұқсат құжаттарының болуы, заңсыз аңшылық пен балық аулауға жол бермеу, сондай-ақ құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, жануарлар дүниесін қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қажеттілігі атап өтілді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ‼️
360° БЕЙНЕШОЛУДЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ӨТУ КЕРЕК?
📌360° форматта бейнешолуда:
— бөлменің барлық қабырғалары мен бұрыштарын;
— төбе мен еденді;
— жұмыс үстелінің үсті, асты және жан-жағын;
— монитор, пернетақта және компьютер тінтуірді;
— жүйелік блокты (пайдаланылған жағдайда) көрсетіңіз.
✅Бейнешолу аяқталған соң смартфонды жұмыс орны толық көрінетіндей етіп орналастырыңыз.
🔷Камерадан:
— кандидаттың қырынан көрінісі;
— жұмыс орны мен монитор аймағы;
— монитордың артындағы кеңістік толық көрінуі тиіс.
Ескерту!
Тестілеу немесе конкурс кезеңі толық аяқталғанға дейін смартфонның орнын өзгертуге болмайды.
Тыйым салынады:
бөгде адамдардың қатысуына
қосымша бейнекамераларды орналастыруға тыйым салынады.
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
2026 жылғы 13 шілдеде «Алакөл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қоры аумағында мекеме мамандарының ерте анықтау жүйесі арқылы тұрақты бақылауда болуының арқасында дер кезінде өрт ошақтары анықталып, жедел әрекет ету нәтижесінде қысқа уақыт ішінде оқшауланды.
Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тікұшағы, арнайы техникалар мен ТЖД-нің қызметкерлері жұмылдырылды.
Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы табиғи өрттердің алдын алу және аңшылық шаруашылықтары аумағындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыстағы аңшылық шаруашылықтарының басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, табиғи өрттердің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды күшейту, өрт сөндіру техникасы мен құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жедел ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Басқарма тарапынан аңшылық алқаптарында тұрақты патрульдеу жұмыстарын жүргізу, өрт қауіпті жағдайлар туралы жедел хабарлау және табиғи өрттердің алдын алуға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Кеңес қорытындысы бойынша аңшылық шаруашылықтарының басшылары өрт қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтап, табиғи ресурстарды қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде өзара келісімге келді.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
Сіздерге 2026 жылдың 15 шілдесіне дейін «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға ниетті үміткерлерден өтінімдер қабылданатынын хабарлаймыз.
Конкурстың өңірлік кезеңіне мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:
1) Үздік еңбек әулеті – бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.
Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;
2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері – бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.
3) Өндірістің үздік жас маманы – бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
Конкурсқа қатысушылар "Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:
Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):
мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардыңграмоталардыңалғысхаттардың көшірмелері
біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады
Конкурсқа құжаттар 2026 жылдың 15 шілдесіне дейін қабылданады жәнеobltrudzhetysu@zhetysu.gov.kz электрондық мекен-жайына жолдауыңызға болады
Қосымша сұрақтар бойынша 8/7282/329261 немесе 8707 898 32 80 байланыснөмірлері арқылы біле аласыздар
Үміткерлерге сәттілік тілейміз
Жетісу облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау бағытында фитосанитарлық науқан жалғасып жатыр. Өңірде жалпы көлемі 133 мың гектардан астам жерді өңдеу жоспарланған. Қазіргі таңда фитосанитарлық жұмыстар белсенді кезеңге өтіп, бұл ретте өнімділігі жоғары арнайы техникалар мен заманауи химиялық препараттар қолданылуда, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір үшін үйірлі зиянкестердің екі түрінен қауіп туындауы болжалған: италиялық прус шегірткесі 66 мың гектардан астам аумақта тіркеліп, өңдеу жоспарланған, ал азиялық көшпелі шегірткеден 25 мың гектар жер өңделеді. Ал үйірсіз зиянкестер қоныстанған аумақ көлемі 42,3 мың гектарды құрайды. Олар аса жылдам таралмағанымен ауыл шаруашылығы жануарларының жем-шөбін азайту шығындарын болдырмау үшін оларды жүйелі түрде жойып отыру қажет. Зиянкестердің егіс алқаптарына таралуына жол бермеу мақсатында өңірде өңдеу жұмыстары мамыр айының басында басталды.
Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы филиалының басшысы Бақберген Атантаевтың айтуынша, қазіргі вегетациялық кезеңде зиянкестер белсенділігінің ұзақ жылдарға созылған шарықтау кезеңінен кейінгі циклдік төмендеуі байқалып отыр. Бұл – биологиялық заңдылықтарға сәйкес қалыпты құбылыс.
«Өткен 2025 жылы өңірде шегірткеге қарсы 152 мың гектардан астам жер өңделді. Биылғы маусымда осы түрі бойынша бақылаудағы аумақ көлемінің азайғаны байқалады. Дегенмен қырағылықты әлсіретуге немесе босаңсуға болмайлы. Мамыр айының басынан бастап арнайы техника мен жасақтар облыстың барлық аудандарында жұмысқа кірісті. Жалпы бұл жұмыстарға арнайы ұшақтардың 6 экипажы тартылады. Сонымен қатар жергілікті жерлерде күрделі жер бедері жағдайында жұмыс істей алатын 24 кең ауқымды тракторлы бүріккіш пен 73 автокөлік тәулік бойы жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ қолданылатын химиялық препараттардың сапалық сипаттарына ерекше көңіл бөлініп отыр», – деп Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы филиалының басшысы Бақберген Атантаев қазіргі жағдайға түсініктеме берді.
Жалпы Жетісу облысында шегіртке зиянкестеріне қарсы 133,4 мың гектар жер өңделеді.
Атап өтсек, ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғауға бағытталған фитосанитарлық науқан ауа райы жағдайларын, зиянкестердің даму кезеңдерін және өңірдің әр ауданы мен қаласының ерекшеліктерін ескере отырып, тұрақты бақылауда.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фотограф: Қанат Өмірәлинов
Жетісу облысында балық шаруашылығы кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобаға жеке инвестор 1 млрд. теңгеге жуық инвестиция салуда. Ескелді ауданына барған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев аталған нысанның құрылысымен танысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Шаруашылық директоры Руслан Сафаргалиев өңір басшысына жобаның іске асыру барысы туралы баяндап берді. Оның айтуынша, шаруашылық балықтың бағалы түрлерін жасанды өсірумен айналысады. Мұнда толық өндірістік–инкубациялық цикл атқарылады, яғни уылдырықтан немесе шабақтан бастап дайын тауар түріндегі балыққа дейін өсіріліп шығарылады. Нысанның құрылысы өткен жылдан басталған, биыл күзде аяқталады деп жоспарланып отыр.
- Уылдырықты арнайы Польшадан әкелдік. Шаруашылықта уылдырықтан бастап өзіміз өсіріп дайын балықты тауар түрінде ұсынамыз. Мұнан соң консервілеумен де, қақтаумен де айналысатын боламыз. Бір сөзбен айтқанда, барлық өндірістік процесті өзіміз атқарамыз. Қазіргі кезде бір ғимаратты салып, іске қостық, мұнда біркелкі температурада ханбалық уылдырықтарынан шабақ өсіріліп отыр. Мұндағы 1 млн 200 мың дана шабақ күзге қарай тауарлы салмағын жинап үлгереді. Жуырда басқа да ғимараттарды салып, тұқы мен бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге кірісеміз, - деді Р.Сафаргалиев.
Аталған шаруашылықта балыққа арналған 93 бассейн, сол сияқты 63 сотық жерде тоған жасалады. Мұнда жылына 80 тоннадан 1 мың тоннаға дейін өнім шығарылады деп күтілуде. Дайын өнімді алдымен облыс көлемінде, кейін елдің басқа өңірлеріне де шығару жоспарланған.
Шаруашылықта қазір он екі адам жұмысқа қабылданған, соның 3-еуі ихтиолог, 2-еуі технолог маман. Нысан толық іске қосылғанда жұмыспен қамтылғандар саны 30-ға жетеді. Солардың бірі Диас Русланұлы әкесіне шаруашылықта қолғабыс ету үшін ихтиолог мамандығына оқып келген.
- Балық шаруашылығында жұмыс істеуді мақсат етіп, осы мамандықта арнайы оқыдым. Мұнда қазір судың тазалығын, температурасын, кислородын бақылаймыз. Одан бөлек балықтың азықтық коэфицентін қадағалап, күнделікті жем береміз, - деді Д. Русланұлы.
Жалпы Жетісу облысында 20-дан астам балық өсіретін шаруашылық жұмыс істейді. Бұл шаруашылықтар өткен жылы жалпы көлемі 700 тоннадан астам өнім шығарған.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Жұмабай Мұсабеков.
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жыл басынан бері 57 мың көшет отырғызылып, 5 мың тонна қоқыс шығарылды. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шараларға 77 мың адам қатысқан, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Білім беру ұйымдарында 2024–2026 жылдарға арналған экологиялық білім беру жоспары әзірленіп, «Жасыл клуб» отрядтарының үлгілік ережесі бекітілді. Бүгінгі таңда мектептерде 339 экологиялық үйірме, 310 «жасыл бұрыш», 114 бау-бақша учаскесі және жылыжай жұмыс істейді, сынып сағаттары мен экскурсиялар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар 177 көпқабатты тұрғын үйдің шатырлары мен қасбеттерін жөндеу,14,7 км арық желілерін салу, 200 шақырым көше жарығын орнату жоспарланған.
Бағдарлама аясында 121 мың көшет отырғызылады.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотографтар: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының басталуы туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына қатысуға шақырады.
Аталған Конкурсты өткізудің мақсаты қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарлануының негіздерін нығайту болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Агенттіктің аумақтық департаменттеріне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) әдістемелік ұсынымдарға сәйкес фотосурет;
3) әдістемелік ұсынымдарға сәйкес өмірбаяны;
4) әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қызмет туралы бейнеролик.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі ақпарат әдістемелік ұсынымдарда ұсынылған.
Құжаттарды қабылдау 04.05 - 14.05.2025ж. аралығында жүзеге асырылады.
Құжаттарды жіберу үшін байланыстар:
8 (7282) 241191
87471267927