Қоршаған ортаға рұқсат етілген антропогендік әсерді бұзғаны үшін айыппұлдар сомасы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес салынатын және қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектінің орналасқан жері бойынша есепке жатқызуға жататын, жер қойнауын пайдаланушылардан қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзғаны үшін айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпарат.
2025 жыл бойынша: ақпаратты есепке алу кітабы бойынша 82 іс құжат келіп түсті, оның ішінде, 48 іс-құжат кері қайтарылды, 34 іс-құжат бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабының 1-бөлігімен 32 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 3 586 145 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, 1 ақпаратты есепке алу кітабы бойынша іс-құжат бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабының 1-бөлігімен сотпен 10 768 716 теңге айыппұл салынды. Ал, 1 іс-құжат бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабының 2-бөлігімен сотпен 7 129 теңге көлемінде айыппұл салынды.