Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес салынатын және қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектінің орналасқан жері бойынша есепке алынуға жататын жер қойнауын пайдаланушылардан қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзғаны үшін айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпарат

Жетісу облысы бойынша экология департаментімен 2024 жылы  Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің (бұдан әрі — ҚР ӘҚБтК) 139-бабының 1-бөлігіне сәйкес құқық қорғау органдарынан кең таралған пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру немесе оларды заңсыз пайдалану фактілері бойынша келіп түскен АЕК материалдарының негізінде жалпы сомасы 11 971 490 теңге құрайтын айыппұл салынды. Барлық айыппұлдар толық көлемде өндірілді.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабының 2-бөлігі бойынша 4 әкімшілік іс сотқа жолданды. Сотпен жалпы сомасы 2 715 526 теңгеге айыппұл салынды. Барлық айыппұлдар толық көлемде өндірілді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес салынатын және қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектінің орналасқан жері бойынша есепке алынуға жататын жер қойнауын пайдаланушылардан қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзғаны үшін айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпарат  
Дата публикации
22 октября 2025