Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының 2025 жылдың 3 тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпараты

Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының 2025 жылдың 3 тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпараты

 

 

Орман шаруашылығы

Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры 1,5 млн.га, оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 334,9 мың га.

Мемлекеттік орман қорын күзету, сақтау, орман ресурстарын пайдалану, орман өсіру және молықтыру жұмыстарын 7 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» атқарады.

Кеспеағаш қорын игеру

2025 жылға бөлінген кеспеағаш қоры 1015,96 текше метр, оның ішінде: басты мақсатта – 181,4 текше метр.  Аралық мақсатта (күтіп-баптау) 68,0 текше метр. Іріктеме санитарлық кесу 199,2 текше метр.  Өзге де мақсатта 567,36 текше метр.                       Орындалғаны 0 м3.

Орманды қалпына келтіру

2025 жылы жалпы 3365,7 га жерге орман өсіру жұмыстары жоспарланды, оның ішінде: 193,5 га жерге 712,5 мың дана екпе көшеттері отырғызылды, 3172,0 га жерге 14,2 тонна қара сексеуіл тұқымы себіледі.

Көктемгі ағаш отырғызу жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге 119,5 га жерге 416,5 мың дана терек, қарағаш, тал, қайың, Сиверс алмасының көшеттері отырғызылды.

(2024 жылы жалпы 3485,6 га жерге орман өсіру жұмыстары жоспарланып, оның ішінде: 379,6  га жерге 1541,9 мың дана екпе көшеттері отырғызылды, 3106,0 га жерге 14,0 тонна қара сексеуіл тұқымы себілді. Жоспар толық 100%-ға орындалды).

 

Орманды қорғау, күзету және өрт қауіпсіздігінің алдын алу

2025 жылы ОШКММ тарапынан орман заңдылықтарын сақтау жөнінде 836 рейд жүргізілді.

1 заңсыз сүрек кесу оқиғасы анықталып, ағаш кесу оқиғасы бойынша сот органдарына жолданды. Жалпы кесілген сүрек 0,3 текше метрді құрады. Келтірілген залал көлемі 6,4 мың теңге құрап, 6,4 мың тенге өндірілді.

Орман заңдылықтарын бұзушылықтар бойынша 60 оқиға анықталды (оның ішінде – ормандағы өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу – 0, заңсыз мал жаю – 17, орманды қалдықтармен ластау – 1, өзге де заң бұзушылықтар – 42). Әкімшілік айыппұл 912,16 мың теңгені салынып, 912,16 мың теңгесі өндірілді. Орман қорына келтірілген залал 413,15 мың теңгенің 395,45 мың тенгесі өндірілді.

2025 жылы орманда, орман-дала өрттерінің алдын алу, сөндіру мақсатында және орман заңдылықтарын бұзушылықтардың алдын алу жөнінде орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері бойынша 5 км минералдық жолақтар жаңадан жасалу жоспарланып, 5 км жаңадан жасалынды. 1523 км жерге минералдық жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жоспарланып, 1238 км жерге орындалды. Ормандарды өрт қауіпсіздігі, орман заңдылығын бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында 212 дана аншлаг, панно, билбордтар тиісті жерлерге орнатылды. Орман қоры жеріне шекаралас орналасқан шаруа қожалықтарының субъектілеріне үгіт насихат жұмыстары жүргізілді 1352 дана ескерту мен міндеттемелер берілді, 2617 дана  үнбеттер таратылды. 167 рет семинарлар, лекциялар, әңгімелер өткізілді. Жергілікті теледидар бағдарламасына  3 сұхбат, әлеуметтік желілерге 19, бұқаралық ақпараттары арқылы 155 мақала жарияланды.

2025 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 9 орман өрті тіркеліп, жалпы ауданы 936,9 га., оның орманмен көмкерілгені 70 га., келтірілген залал 5241,6 мың теңгені құрады.

ОШКММ бойынша:

«Жаркент орман шаруашылығы» КММ 1 орман өрті;

«Бөрлітөбе орман шаруашылығы» КММ 1 орман өрті;

«Алакөл орман шаруашылығы» КММ 1 орман өрті;

«Бөрлітөбе орман шаруашылығы» КММ 1 орман өрті;

«Үштөбе орман шаруашылығы» КММ 1 орман өрті;

«Бөрлітөбе орман шаруашылығы» КММ 1 орман өрті;

«Бөрлітөбе орман шаруашылығы» КММ 1 орман өрті;

«Жаркент орман шаруашылығы» КММ 1 орман өрті;

«Бөрлітөбе орман шаруашылығы» КММ 1 орман өрті;

  • 03.2025 жылы Іле орманшылығы, жалпы өртенген ауданы 2,5 га. Келтірілген залалы 87,4 мың теңге.
  • 04.2025 жылы Құрақсу орманшылығы, жалпы өртенген ауданы 581,4 га. Келтірілген залалы 2319,57 мың тенге.
  • 06.2025 жылы Үшарал орманшылығы, жалпы өртенген ауданы 44,2 га. Келтірілген залалы 362,87 мың тенге.
  • 06.2025 жылы Құрақсу орманшылығы, жалпы өртенген ауданы 162,6 га. Келтірілген залалы 1198,60 мың тенге.
  • 05.2025 жылы Қаратал орманшылығы, жалпы өртенген ауданы 21,2 га. Келтірілген залалы 290,5 мың тенге.
  • 08.2025 жылы Құрақсу орманшылығы, жалпы өртенген ауданы 21,0 га. Келтірілген залалы 90,24 мың тенге.
  • 08.2025 жылы Құрақсу орманшылығы, жалпы өртенген ауданы 95,3 га. Келтірілген залалы 581,13 мың тенге.
  • 09.2025 жылы Іле орманшылығы, жалпы өртенген ауданы 3,7 га. Келтірілген залалы 185,0 мың теңге.
  • 09.2025 жылы Көкжиде орманшылығы, жалпы өртенген ауданы 5,0 га. Келтірілген залалы 126,30 мың тенге.

 

Орманды зиянкестермен, аурулардан қорғау

          2025 жылы  жер үсті және әуе химиялық өңдеу жұмыстары 4692 гектар жерде жүргізу жоспарланып, толығымен орындалды.

Оның ішінде  Алакөл ОШКММ –100 га, Бөрлітөбе ОШКММ – 1702 га, Жаркент ОШКММ – 1200 га, Талдықорған ОШКММ – 1000 га. Үйгентас ОШКММ -690 га аумақта.  

 

Жануарлар дүниесі

 2025 жылдын басынан «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлескен 95 рейд және тексерістер өткізілді. Барлығы 58 табиғат заң бұзушылық анықталды, оның ішінде 6 аң аулау ережесін бұзғандар және 52 балық аулау ережесін бұзғандар.

Жетісу облысының аумағында 104 балық шаруашылығы су айдындарымен және (немесе) учаскелері бар, оның ішінде балық шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығының 51 субъектісіне 68 балық шаруашылығы су айдындарымен және (немесе) учаскелері бекітілген, қалған 36 балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскесі резервте қалып отыр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 26.06.2023 жылғы № 223 "2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 1 шілдеге дейін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын  алып қою лимиттерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Жетісу облысы бойынша 3371,484 тонна балық бөлінді, оның ішінде Балқаш көлі бойынша 2127,87 тонна, Алакөл көлдер жүйесі бойынша 1243,614 тонна.

Бүгінгі күнге жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша     25 млн. теңгеге балық аулауға 25 рұқсат берілді.

Жетісу облысының аумағында 69 аңшылық алқаптары бар, оның ішінде 50 аңшылық алқаптар 40 аңшылық пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Аңшылық алқаптарының резервтік қорында 19 аңшылық алқаптар қалып отыр. Бекітілген аңшылық алқаптардың жалпы көлемі 2383839 гектарды құрайды.

  2025 жылдың басынан жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жалпы соммасы 4,0 млн. теңгеге аң аулауға  174  рұқсат берілді.

Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын паспорттау үшін 2025 жылға облыстық бюджеттен 10,0 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар балық шаруашылығы субъектілерін субсидиялау үшін облыстық бюджеттен 40,0 млн. теңге бөлінді.

Жобаларды экологиялық сараптама

2025 жылы мемлекеттік экологиялық сараптамаға 141 жоба түсті. Қарастырылған құжаттар бойынша сараптаманың 91 оң қорытындысы берілді, 45 жобалық құжаттар бойынша себептемелі бас тарту берілді. Қарастырылуда 5 заявка бар.

Объектілер операторлардан әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алуға 39 өтініш қабылданынды. Қарастырылған құжаттар бойынша 30 рұқсат берілді, 8 жобалық құжаты бойынша себептемелі бас тарту берілді. Қарастырылуда 1 заявка бар.

Табиғатты қорғау іс-шаралары

2025 жылы табиғатты қорғау іс-шараларына 232,5 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

1)Қаратал ауданы Қаратал өзенінің Аққайр тармағын 21,5 шақырым механикаландырылған тазалау (2 кезең) жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу негізінде тендер арқылы «Азиа Канал Құрылыс» ЖШС-і мен 2025-2027 жылдарға құрылыс жұмыстарын жүргізуге 03.03.2025 жылғы №1, 3 жылдық келісім-шарт жасалынды, жалпы сомасы 503,8 млн.теңгеге:- 2025 жылға – 194, 4 млн. теңге;- 2026 жылға – 213,7 млн. теңге;- 2027 жылға –   95,7 млн. тенге.(жоспарланған жұмыстары:, ұзындығы 21,5 шақырым канал түбін механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу, 1 гидротехникалық құрылым салу және 8 шлюзді қалпына келтіру, құбыр диаметрі - 80 см).Жұмысты бастау үшін 2025 жылы облыстық бюджеттен  194,4 млн.теңге бөлінді. Қазіргі уақытта ағымдағы жылдың жұмыс көлемі аяқталды: ұзындығы 17 км механикаландырылған тазалау жұмыстары жалғасуда.

Жұмыстардың аяқталу мерзімі – 2027 жыл.

2) Жетісу облысы бойынша жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарынын  паспорттау.

  • Текелі қаласы үшін атмосфералық ауаның ластануының жиынтық есептеулері жүргізілуде.

Алакөл ауданы Тентек, Сарықұл, Шинжалы, Жаманты өзендері, Сасықкөл, Жаланашкөл көлдері, Кербұлақ ауданы Биже, Биен өзендері, Ақсу ауданы Ақсу, Қызылағаш, Ақешкі өзендері, Ескелді ауданы Сарыбұлақ, Көктал өзендері, Панфилов ауданы Үсек, Чиже, Қорғас, Борохудзир өзендері, Сарқан ауданы Теректі, Басқан, Сарқан, Лепсі өзендері, Көксу ауданы Жарлыөзек, Мұқры, Мұқаншы  өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуге жобалық құжаттамасы –  17,5 млн. теңгеге әзірленді.

Дата публикации
10 октября 2025