2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

ЖОБА

 

 

2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

 

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына және «Акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 168077 болып тіркелген)  сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:   

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдері бекітілсін.
  2. «Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Жетісу облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2)  осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісу облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі

 

Б. Исабаев

 

 

Жетісу облысы әкімдігінің

2025 жылғы «___»__________

№______қаулысына қосымша

 

 

2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері

 

№

Субсидиялау түрлері

Өлшем бірлігі (килограмм, дана)

Субсидияланатын көлем

(теңге)

Субсидиялар сомасы

(мың теңге)

1

2

3

4

5

1.

Балық азықтарына тиесілі субсидиялар:

1.1

 

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары

121820 кг

105

12791,0

1.2

 

Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары

25425 кг

270

6865,0

2.

Тұқы, албырт тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін балық отырғызу материалын сатып алуға субсидиялар:

2.1

Тұқы тұқымдас шабағы 30 граммға дейін 1 (бір) дана

276000 дана

25

   6900,0

2.2

Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) дана уылдырық 

500000 дана

6

3000,0

2.3

Албырт тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана

272200 дана

20

5444,0

3.

Балық өсіру-билогиялық негіздемені сатып алу шығыстарын субсидиялау 

6 дана

500000

3000,0

4.

Дәрілік препарттарды сатып алу шығыстарын субсидиялау

25 дана

80000

2000,0

Барлығы

 

 

40000,0

2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
Дата публикации
19 марта 2025