Әкімшілік-қаржы бөлімінің ЕРЕЖЕСІ
1.1. Әкімшілік бөлімінің қызметкерлері жұмыс барысында өз қызметін ҚР Конституциясына, ҚР заңдарына, Президенттің және Үкіметіттің қаулыларына, облыс әкімнің шешімі мен әкімдіктің қаулыларына, Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне, басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2.1. Бөлімнің жұмысын және басқарманың қаржылық-экономикалық қызметін басқару;
2.2. Басқарманың қарамағындағы мекемелердің қаржылық-экономикалық қызметін үйлестіру және бюждеттік өтінім дайындап оны орындау барысындағы жұмыстарға басшылық етеді.
2.3.Басқарманың бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды қамтамасыз ету және қаржылық, еңбек материалдық ресурстарды тиімді қолдануды, мемлекеттік меншіктің сақталуын бақылау.
2.4.Еңбекақы қорының дұрыс пайдалануын бақылау.
2.5. Басқармада және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде штат тәртібінің сақталуын қадағалау.
2.6. Облыс бюджетінен бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалау, оның ішінде басқарма қарамағындағы орман шарушалығы мемлекеттік мекемелері, аппарат, барлық бағдарламалар бойынша;
2.7. Басқарма, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемлердің қаржы баланстары бойынша есептерді қабылдап, олардың мерзімді және сапалы орындалуына талдау жасау.
2.8. Басқарманың бюджеттік өтінімін жоспарлау.
2.9. Бюджеттік бағдарламаларды экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен келісу және бұйрықпен бекіту.
2.10. Басқарманың және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қаржылдандыру жоспарларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша өтінімдерді жинақтап, облыстың қаржы басқармасына тапсырып, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету.
2.11. Басқарманың қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу;
2.12.1C мекеме бағдарламасында бюджеттік өтінімдерді дайындау;
2.13. Бюджетке түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша есептер тапсыру;
2.14.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарды қарау және дайындау;
2.15. Бөлінген қаржы бойынша баланс есебін қарастыру;
2.16. Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу және бүтіндігін қадағалау;
2.17.Салық органдарына салық есептемесін тапсыру;
2.18. Аппарат бойынша Қазынашылық Департаментіне келісім-шарттар мен өтінімдерді дайындап, төлем құжаттарын тапсыру, Жалақы бойынша ведомость жасау;
2.19. № 2,5,6,8,9,13,15 мемориалдық ордерлермен жұмыс істеу;
2.20.ЕССО (единная система сдачи отчетности), 1 С бухгалтерия, К-2 қазынашылық-клиент.
2.21. Сот процестеріне қатысу;
2.22. Кадр қызметінің кейбір мәселелерін жүргізу;
2.23. Е-Өтініш жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, бақылау және тоқсандық есептері мен салыстыру АҚТ-сін тапсыру және «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттармен жұмысқа жауапты.
3.1. Мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты басқарма арқылы сұрата алады;
3.2.Өзіне оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асырады;
3.3.Басшылықтың тапсырмасы бойынша немесе оның қатысуымен ведомстволық, нормативтік актілерді әзірлеуге, сондай-ақ басқармаға келісуге немесе шақырып алынуна түскен аталған құжаттардың жобалары бойынша қортынды шығаруға қатысады;
3.4.Мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес рәсімдеулерге қатысады;
3.5. Құжаттардың уақытында орындалуын бақылау жұмыстарына қатысады.
4.1. Бөлімді басқарма басшысы тағайындайды және лауазымнан босатады;
4.2. Бөлім жұмысын басқаруды ұйымдастырады және бөлімге жүктелген мақсаттары мен оның орындалуын бөлім басшысы жеке жауапкершілігіне алады;
4.3. Бөлімнің штатық саны және құрылымы басқармамен бекітіледі;
4.4. Бөлім басшысы, басқарма басшысына қызметкерлерінің алмастырылуына, тағайындаулына және әкімшілік жазасына ұсыныс береді.