Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының 2024 жылда атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Орман шаруашылығы
Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры 1,5 млн.га, оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 334,4 мың га.
Мемлекеттік орман қорын күзету, сақтау, орман ресурстарын пайдалану, орман өсіру және молықтыру жұмыстарын 7 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» атқарады.
Кеспеағаш қорын игеру
2024 жылға бөлінген кеспеағаш қоры 1292,43 текше метр, оның ішінде: басты мақсатта – 236,9 текше метр. Аралық мақсатта (күтіп-баптау) 222,26 текше метр. Іріктеме санитарлық кесу 0 текше метр. Өзге де мақсатта 833,27 текше метр. Орындалғаны 1292,5 м3.
Орманды қалпына келтіру
2023 жылы жалпы 3,1 мың га жерге орман өсіру жұмыстары жоспарланып, оның ішінде: көктемде 89,2 га жерге 319,4 мың дана екпе көшеттері отырғызылып, күзде 193,2 га жерге 802,28 мың дана екпе көшеттері отырғызылды және 2834,0 га жерге қара сексеуіл тұқымы себілді. Көктемгі және күзгі орман егу жұмыстары толық жоспарға сәйкес 100 %-ға орындалды.
2024 жылы жалпы 3485,6 га жерге орман өсіру жұмыстары жоспарланып, оның ішінде: 379,6 га жерге 1541,9 мың дана екпе көшеттері отырғызылды, 3106,0 га жерге 14,0 тонна қара сексеуіл тұқымы себілді. Жоспар толық 100%-ға орындалды.
Орманды қорғау, күзету және өрт қауіпсіздігінің алдын алу
2024 жылы ОШКММ тарапынан орман заңдылықтарын сақтау жөнінде 994 рейд жүргізілді.
1 заңсыз сүрек кесу оқиғасы анықталып, ағаш кесу оқиғасы бойынша сот органдарына жолданды. Жалпы кесілген сүрек 0,30 текше метрді құрады. Келтірілген залал көлемі 5,5 мың теңге құрап, толығымен өндірілді.
Орман заңдылықтарын бұзушылықтар бойынша 97 оқиға анықталды (оның ішінде – ормандағы өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу – 28, заңсыз мал жаю – 21, орманды қалдықтармен ластау – 4, өзге де заң бұзушылықтар – 44). Әкімшілік айыппұл 1875,382 мың теңгені салынып, 1775,782 мың теңгесі өндірілді. Орман қорына келтірілген залал 994,102 мың теңгенің 804,7 мың тенгесі өндірілді.
2024 жылы орманда, орман-дала өрттерінің алдын алу, сөндіру мақсатында және орман заңдылықтарын бұзушылықтардың алдын алу жөнінде орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері бойынша 10 км минералдық жолақтар жаңадан жасалу жоспарланып толығымен орындалды. 1513 км жерге минералдық жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жоспарланып 1513 км жерге жасалды. Ормандарды өрт қауіпсіздігі, орман заңдылығын бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында 193 дана аншлаг, панно, билбодтар тиісті жерлергесы орнатылды. Орман қоры жеріне шекаралас орналасқан шаруа қожалықтарының субъектілеріне үгіт насихат жұмыстары жүргізілді 1454 дана ескерту мен міндеттемелер берілді, 2204 дана үнбеттер таратылды. 172 рет семинарлар, лекциялар, әңгімелер өткізілді. Жергілікті теледидар бағдарламасына 5 сұхбат, әлеуметтік желілерге 29, бұқаралық ақпараттары арқылы 177 мақала жарияланды.
2024 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 1 орман өрті тіркеліп, жалпы ауданы 1,2 га., оның орманмен көмкерілгені 1,2 га., келтірілген залал 15,9 мың теңгені құрады.
ОШКММ бойынша:
«Үштөбе орман шаруашылығы» КММ 1 орман өрті;
Орманды зиянкестермен, аурулардан қорғау
2024 жылы жер үсті химиялық өңдеу жұмыстары 690,0 гектар жерде жүргізу жоспарланып, толығымен орындалды.
Оның ішінде Алакөл ОШКММ –100 га Талдықорған ОШКММ – 400,0 га. Үйгентас ОШКММ-190 га аумақта.
Жануарлар дүниесі
2024 жылдын басынан «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлескен 104 рейд және тексерістер өткізілді. Барлығы 103 табиғат заң бұзушылық анықталды, оның ішінде 48 аң аулау ережесін бұзғандар және 55 балық аулау ережесін бұзғандар.
Жетісу облысының аумағында 104 балық шаруашылығы су айдындарымен және (немесе) учаскелері бар, оның ішінде балық шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығының 51 субъектісіне 68 балық шаруашылығы су айдындарымен және (немесе) учаскелері бекітілген, қалған 36 балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскесі резервте қалып отыр.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 26.06.2023 жылғы № 223 "2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 1 шілдеге дейін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Жетысу облысы бойынша 3121,225 тонна балық бөлінді, оның ішінде Балқаш көлі бойынша 2016,87 тонна, Алакөл көлдер жүйесі бойынша 1104,355 тонна.
Бүгінгі күнге жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша 44,9 млн. теңгеге балық аулауға 45 рұқсат берілді.
Жетісу облысының аумағында 69 аңшылық алқаптары бар, оның ішінде 50 аңшылық алқаптар 40 аңшылық пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Аңшылық алқаптарының резервтік қорында 19 аңшылық алқаптар қалып отыр. Бекітілген аңшылық алқаптардың жалпы көлемі 2383839 гектарды құрайды.
2024 жылдын басынан жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жалпы соммасы 70,2 млн. теңгеге аң аулауға 888 рұқсат берілді.
Жобаларды экологиялық сараптама
2024 жылы мемлекеттік экологиялық сараптамаға 158 жоба түсті. Қарастырылған құжаттар бойынша сараптаманың 89 оң қорытындысы берілді, 62 жобалық құжаттар бойынша себептемелі бас тарту берілді. Қарастырылуда 7 заявка бар.
Объектілер операторлардан экологиялық рұқсат алуға 56 өтініш қабылданып, 42 экологиялық рұқсат рәсімделді, 13 өтініш бойынша себептемелі бас тарту берілді. 1 өтініш қарастырылуда.
Табиғатты қорғау іс-шаралары
Табиғатты қорғау шаралар жоспары бойынша 2024 жылы атқарылатын негізгі жұмыстарға облыстық бюджеттен 65,0 млн. теңге бөлінді, игерілді 44,7 млн. теңге, 20,3 млн. теңге тендерлік үнемдеу, оның ішінде:
Алакөл ауданы Қошқаркөл көліне, Шет-Тентек, Орта-Тентек өзендеріне, Ескелді ауданы Кора, Балықты, Текелі, Құсақ өзендеріне, Ақсу ауданы Қапал өзеніне, Сарқан ауданы Балқаш көліне, Панфилов ауданы Усек көліне, Үшарал, Шыжын, Тышқан өзендеріне, Кербұлақ ауданы Айнабұлақ, Майтөбе өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуге жобалық құжаттамасы әзірленді – 12,6 млн. теңге.