Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде жүргізілген 2023 жылғы күзгі түгендеу материалдарына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012 жылғы 19 қазандағы № 17-02/532 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орман қорындағы ормандардың табиғи жаңаруына жәрдемдесу шаралары қабылданатын және табиғи өсімге қалдырылған орман дақылдарын, питомниктерді, учаскелерді түгендеу қағидаларына» сәйкес орман дақылдарының, тұқымбақтардың, екпелердің, ормандарды табиғи молықтыруға жүргізілген жәрдемдесу шаралары және мемлекеттік орман қорында табиғи өсімге қалдырылған алқаптардың түгендеуі орман мекемелерінде 2024 жылдың 01.09 – 11.10. аралығында жүргізілді.
2993,9 га жердегі орман дақылдары, питомниктердегі егістік және мектеп бөлімдері, табиғи қалпына келтіру шаралары жүргізілген учаскелер, кесілген жердегі жаңадан өскен, орманды алқаптарға ауыстыру және жалпы алаңдағы бағалы ағаш екпелер санатына енгізу үшін жас орман алқаптарына түгендеу жүргізілді, оның ішінде:
3) егіс және мектеп бөлімшелері, аналық плантациялардың жалпы алаңы – 34,9 га;
4) орман дақылдары мен жас ағаштарды орманмен көмкерілген жерлерге ауыстыру және оларды бағалы ағаш екпелері санатына енгізу алаңы – 302,0 гектар.
Питомниктер, егіс бөлімдері, мектептер, көгалдандыру плантациялары
Егістік, мектеп бөлімшелері мен орман питомниктерінің аналық екпелері, абаттандыруға арналған екпелер жалпы алаңы 34,9 га аумақта, оның ішінде 5,2 га алқаптағы біржылдық екпе көшеттері, 8,6 га алқаптағы 2 және одан жоғары жастағы екпе көшеттері, 20,4 га алқаптағы көшеттер мен тамырлы қалемшелер, 0,7 га алқаптағы аналық плантациялар түгенделді. Питомниктерде отырғызуға жарамды 1341,45 мың дана стандартты отырғызу материалы өсірілді, соның ішінде. :
біржылдық көшеттер – 967,6 мың дана;
екі жастағы және одан жоғары өскіндер – 227,16 мың дана;
көшеттер мен тамырлы қалемшелер – 146,69 мың дана.
Мемлекеттік орман қорының орман дақылдары
2023 жылдың көктемінде егілген және 2021 жылдың күзінде 2347 га алқапқа егілген бір жылдық орман дақылдары бойынша орташа өміршеңдік 34,2% құрады. 2021 жылдың күзінде және көктемінде 310,0 га алқапқа егілген орман дақылдары бойынша орташа өміршеңдік 45,1% құрады. 2022 жылдың күз мезгілінде 2119,0 га жерге себілген сексеуіл тұқымы 34,4 % құрады және 138,0 га аумаққа отырғызылған қарағаш көшеттері 34,0% өміршеңдік көрсетті.
Орман дақылдары мен жас ағаштарды
орманды аумаққа көшіру
2023 жылдың күзінде жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша облыстың коммуналдық мемлекеттік мекемелерімен орманды алқапқа барлығы 301,6 га жерді ауыстырды, оның ішінде: орман дақылдары – 201,6 га, ағаш кесілген ормансыз жердегі табиғи молықтыруға жүргізілген жәрдемдесу шаралары және орман жамылғысының астындағы ормандардың табиғи жаңаруы – 0 га, табиғи жаңарудың жас өсімі (өздігінен өсетін) – 100,0 га.
Ш. Мейрманова
тел.: 32-96-78
# Ш. Мейрманова
' 8 7282 329678