Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері
Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері – қоршаған ортаның жекелеген құрамдастары жай-күйінің сандық және сапалық сипаттамаларының және қоршаған ортаны қорғау және белгілі бір уақыт кезеңінде қол жеткізуге қажетті қалдықтарды тиімді басқару жөніндегі шаралардың қамтамасыз етілу деңгейін сипаттайтын өзге де көрсеткіштердің жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37 – бабына сәйкес 2023 жылғы Жетісу облысының 2024-2028 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері әзірленді.
Бағдарламада көзделген қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу және қоршаған орта сапасының жаңа нысаналы көрсеткіштерін енгізу немесе қоршаған орта сапасының нормативтерін өзгерту бойынша қаржыландырудың өзгеруіне байланысты 2026 жылы Жетісу облысы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу бағдарламасына түзету жүргізілетін болады.