«Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Жетісу облысы әкімдігінің жоба қаулысына
түсіндірме жазба
- Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік мекемесі.
- Қазақстан Республикасы Су кодексінің 116 бабына сәйкес су объектілерін санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстауға су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерің белгілеу негіздеме боп табылады.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау кезінде республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржы шығындары көзделмейді.
- Нормативтік құқықтық актіні қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасы нормаларының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсеріне әкелмейді, тек жеке кәсіпкерліктің субъектілерің мүдделерін қозғайды.
- Бұл шешім жобасы жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн сақтау
мақсатында жергілікті халықтың мүддесін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты пайдалану үшін қабылданып отыр.
- Бұған дейін жобада қарастырылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) нормативтік құқықтық акт қабылданған болатын.
- Ұсынылған нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтірудің қажеті жоқ.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасын Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік органының интернет-ресурсында 2023 жылғы 28 қыркүйекте, көлемі 36,0 КБ, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2023 жылғы 19 қазанда, көлемі 36,0 KБ, «Жетісу» және «Вестник Жетісу» газеттерінде 2023 жылғы 14 қазанда жарияланған.
- Уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына пресс-релизді орналастыру туралы ақпарат жоқ.
- Нормативтік құқықтық акт жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі туралы ақпарат жоқ.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасын енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайту және (немесе) ұлғайту, білдірмейді.