Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының 2024 жылдың І тоқсанындағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Орман шаруашылығы

Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры 1,5 млн.га, оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 334,4 мың га.

Мемлекеттік орман қорын күзету, сақтау, орман ресурстарын пайдалану, орман өсіру және молықтыру жұмыстарын 7 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» атқарады.

Кеспеағаш қорын игеру

2024 жылға бөлінген кеспеағаш қоры 1292,43 текше метр, оның ішінде: басты мақсатта – 236,9 текше метр.  Аралық мақсатта (күтіп-баптау) 222,26 текше метр. Іріктеме санитарлық кесу 0 текше метр.  Өзге де мақсатта 833,27 текше метр.                       Орындалғаны 0 м3.

Орманды қалпына келтіру

2023 жылы жалпы 3,1 мың га жерге орман өсіру жұмыстары жоспарланып, оның ішінде: көктемде 89,2  га жерге 319,4 мың дана екпе көшеттері отырғызылып, күзде 193,2 га жерге 802,28 мың дана екпе көшеттері отырғызылды және 2834,0 га жерге 14170 кг қара сексеуіл тұқымы себілді. Көктемгі және күзгі орман егу жұмыстары толық жоспарға сәйкес 100 %-ға орындалды.

2024 жылы жалпы 3485,6 га жерге орман өсіру жұмыстары жоспарланды, оның ішінде: 379,6  га жерге 1529,9 мың дана екпе көшеттері отырғызылып, 3106,0 га жерге 13,1 тонна қара сексеуіл тұқымы себіледі.

 

Орманды қорғау, күзету және өрт қауіпсіздігінің алдын алу

2024 жылы ОШКММ тарапынан орман заңдылықтарын сақтау жөнінде 204рейд жүргізілді. Орман заңдылықтарын бұзушылықтар бойынша 3 оқиға анықталды. Әкімшілік айыппұл 194,1 мың теңгені салынып, 194,1 мың теңгесі өндірілді.  

2023 жылы ОШКММ тарапынан орман заңдылықтарын сақтау жөнінде 896 рейд жүргізілді. 3 заңсыз сүрек кесу оқиғасы анықталып, заңсыз ағаш кесу оқиғасы бойынша сот органдарына жолданды. Жалпы кесілген сүрек (өрік-0,72 м3) 11,62 текше метрді құрады. Келтірілген залал көлемі 196,8 млн теңге құрады.

Орман заңдылықтарын бұзушылықтар бойынша 117 оқиға анықталды. Әкімшілік айыппұл 1528,7 мың теңгені салынып, 1523,5 мың теңгесі өндірілді.  Орман шаруашылығына келтірілген залал 198,2 млн  теңгені құрап, 1522,9 мың теңге өндірілді. 

2024 жылы орманда, орман-дала өрттерінің алдын алу, сөндіру мақсатында және орман заңдылықтарын бұзушылықтардың алдың алу жөнінде орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері бойынша 10 км минералдық жолақтар жаңадан жасалу 1513 км жерге минералдық жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жоспарланды. Ормандарды өрт қауіпсіздігі, орман заңдылығын бұзушылықтардың алдың алу тақырыбында 193 дана аншлаг, панно, билбодтар тиісті жерлерге орнату жоспарланды. Орман қоры жеріне шекаралас орналасқан шаруа қожалықтарының субъектілеріне үгіт насихат жұмыстары жүргізілді, 418 дана ескерту мен міндеттемелер берілді, 278 дана  үнбеттер таратылды. 159 рет семинарлар, лекциялар, әңгімелер өткізілді. Жергілікті теледидар бағдарламасына  1 сұхбат, бұқаралық ақпараттары арқылы 33 мақала жарияланды.

2023 жылы орманда, орман-дала өрттерінің алдын алу, сөндіру мақсатында және орман заңдылықтарын бұзушылықтардың алдың алу жөнінде орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері бойынша 25 км минералдық жолақтар жаңадан жасалды, 1434 км жерге минералдық жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жоспарлып толығымен жасалды. Ормандарды өрт қауіпсіздігі, орман заңдылығын бұзушылықтардың алдың алу тақырыбында 214 дана аншлаг, панно, билбодтар тиісті жерлерге орнатылды.

Орман қоры жеріне шекаралас орналасқан шаруа қожалықтарының субъектілеріне үгіт насихат жұмыстары жүргізілді, 1072 дана ескерту мен міндеттемелер берілді, 2200 дана  үнбеттер таратылды. 127 рет семинарлар, лекциялар, әңгімелер өткізілді. Жергілікті теледидар бағдарламасына 8 сұхбат, бұқаралық ақпараттары арқылы 152 мақала жарияланды.

 

2023 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 3 орман өрті тіркеліп,   орман өртінің жалпы ауданы 373,6 га., оның орманмен көмкерілгені 17,7га., орманды емес алқап 54,1 га., келтірілген залал 1583,8 мың теңгені құрады.

ОШКММ бойынша:

 «Алакөл орман шаруашылығы» КММ 2 орман өрті;

  • 03.2023 Үшарал орманшылығы, жалпы өртеңген алаң 149,1 га, орманмен көмкерілген алқап 13,9 га, келтірілген залал 1190,0 мың теңге.
  • 04.2023 Үшарал орманшылығы, жалпы өртеңген алаң 224,2 га, орманмен көмкерілген алқап 3,8 га, келтірілген залал 333,90 мың теңге.

«Жаркент орман шаруашылығы» КММ 1 орман өрті;

  • 08.2023 Іле орманшылығы, жалпы өртеңген алаң 0,3 га, орманмен көмкерілген алқап 0,0 га, келтірілген залал 59,8 мың теңге.

 

Орманды зиянкестермен, аурулардан қорғау

         2023 жылы  жер үсті химиялық өңдеу жұмыстары 700,0 гектар жерде жүргізу жоспарланып, толығымен орындалды.

Оның ішінде  Алакөл ОШКММ –100 га Талдықорған ОШКММ – 300,0 га. Үйгентас ОШКММ-300га аумақта.

 

Жануарлар дүниесі

   2024 жылдын басынан «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлескен  26 рейд және тексерістер өткізілді. Барлығы 17 табиғат заң бұзушылық анықталды, оның ішінде 7 аң аулау ережесін бұзғандар және 10 балық аулау ережесін бұзғандар.

  Жетісу облысының аумағында 104 балық шаруашылығы су айдындарымен және (немесе) учаскелері бар, оның ішінде балық шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығының 51 субъектісіне 68 балық шаруашылығы су айдындарымен және (немесе) учаскелері бекітілген, қалған 36 балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскесі резервте қалып отыр.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 13.06.2023 жылғы №190 "2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын  алып қою лимиттерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Жетысу облысы бойынша 2520,225 тонна балық бөлінді, оның ішінде Балқаш көлі бойынша 1488,32 тонна, Алакөл көлдер жүйесі бойынша 1031,905 тонна.

Бүгінгі күнге жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша     41 млн 615 939 теңгеге балық аулауға 45 рұқсат берілді.

Жетісу облысының аумағында 68 аңшылық алқаптары бар, оның ішінде 51 аңшылық алқаптар 41 аңшылық пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Аңшылық алқаптарының резервтік қорында 17 аңшылық алқаптар қалып отыр. Бекітілген аңшылық алқаптардың жалпы көлемі 2346172 гектарды құрайды.

  2024 жылдын басынан жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жалпы соммасы 201,8 мың теңгеге аң аулауға 29 рұқсат берілді.

                                            

Жобаларды экологиялық сараптама

2024 жылы Экологиялық сараптамаға 46 жоба түсті. Қарастырылған құжаттар бойынша сараптаманың 35 оң қорытындысы берілді, 9 жобалық құжаттар бойынша себептемелі бас тарту берілді. 2 өтініш қарастырылуда.

Объектілер операторлардан экологиялық рұқсат алуға 3 өтініш қабылданып 3 рұқсат рәсімделді.

Табиғатты қорғау іс-шаралары

Табиғатты қорғау шаралар жоспары бойынша 2024 жылы атқарылатын негізгі жұмыстарға облыстық бюджеттен 65,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

  • «Қаратал ауданы Қаратал өзені арнасының Аққайр тармағын механикаландырылған тазалау» (2 кезең) жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу.
  • Жетісу облысы бойынша жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарынын паспорттау.
  • Ескелді ауданы Қарабулак ауылына атмосфералық ауаның ластануының жиынтық есептеулерін жүргізу.
  • Көксу ауданы Балпық би кентіне атмосфералық ауаның ластануының жиынтық есептеулерін жүргізу.
  • Кербұлақ ауданы Сарыөзек кентіне атмосфералық ауаның ластануының жиынтық есептеулерін жүргізу.
  • Сарқан ауданы Сарқан қаласына атмосфералық ауаның ластануының жиынтық есептеулерін жүргізу.

Алакөл ауданы Қошқаркөл көліне, Шет-Тентек, Орта-Тентек өзендеріне, Ескелді ауданы Кора, Балықты, Текелі, Құсақ өзендеріне, Ақсу ауданы Қапал өзеніне, Сарқан ауданы Балқаш көліне, Панфилов ауданы Усек көліне, Үшарал, Шыжын, Тышқан өзендеріне, Кербұлақ ауданы Айнабұлақ, Майтөбе өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуге жобалық құжаттамасын әзірлеу– 31,3 млн теңге.

Дата публикации
02 апреля 2024