Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 116-бабы 2-тармағына,                            Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы                     18 мамырдағы 19-1/446 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген), Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  3.   Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Дата публикации
27 марта 2024