Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының 2023 жылдың 9 айына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Орман шаруашылығы

 

Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры 1,5 млн.га, оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 334,4 мың га.

Мемлекеттік орман қорын күзету, сақтау, орман ресурстарын пайдалану, орман өсіру және молықтыру жұмыстарын 7 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» атқарады.

Кеспеағаш қорын игеру

 

2023 жылға бөлінген кеспеағаш қоры 1762,7 текше метр, оның ішінде: басты мақсатта – 452,6 текше метр.  Аралық мақсатта (күтіп-баптау) 215,4 текше метр. Іріктеме санитарлық кесу 100,3 текше метр.  Өзге де мақсатта 994,4 текше метр.                       Орындалғаны 780,5 м3.

Орманды қалпына келтіру

2023 жылы орман қоры жерлерінде жалпы 3116,4 га орман өсіру жұмыстары жоспарланды, оның ішінде: 282,4 га жерге 1121,7 мың дана көшетпен отырғызу,  2834,0 га тұқыммен себу (шығымы 5866,4 мың дана).

Көктемгі орман өсіру жұмыстары 89,19 га аумақта жүргізіліп, 319,4 мың дана көшеттер мен екпелер отырғызылады.  Күзгі орман өсіру жұмыстары бойынша 193,2 га жерге 802,28 мың дана көшет отырғызылады және 2834,0 га жерге 14170 кг қара сексеуіл тұқымын себу жоспарлануда (5,88 млн. дана тұқым шығымдылығымен).

Көлемі 76,6 га алқапқа 286,65 мың дана көшет пен екпелер отырғызылып толықтырылады.

Көктемгі орман өсіру жұмыстары аяқталды, орман қоры аумағында бүгінгі күнге 89,19 га жерге 319,4 мың дана жапырақты ағаш тұқымдастары отырғызылды.

Орман шаруашылығы мекемелері бойынша:

  • Алакөл ОШ КММ: қарағаш – 19,6 га, 78,4 мың дана,
  • Бөрлітөбе ОШ КММ: жиде – 4,34 га, 14,465 мың дана,
  • Жаркент ОШ КММ: терек – 3,2 га, 10,6 мың дана,
  • Жоңғар ОШ КММ: Шренк шыршасы – 3,4 га, 26,5 мың дана,
  • Талдықорған ОШ КММ: Шренк шыршасы – 10,0 га, 68,5 мың дана, қайың – 4,6 га, 14,72 мың дана, Сиверс алмасы 3,0 га 9,6 мың дана, қарағаш – 2,9 га, 12,76 мың дана,
  • Үйгентас ОШ КММ: Сиверс алмасы 10,15 га, 33,83 мың дана, қарағаш – 28,0 га, 50,4 мың дана.

 80,3 га аумақта орман көшеттерін толықтыру жұмыстары жүргізіліп,         318,0  мың дана көшеттер егілді.

Орман мекемелерімен 4,5 млн теңгеге 2,54 мың дана көшет көгалдандыру жұмыстарына босатылды.

 

 

 

Орманды қорғау, күзету және өрт қауіпсіздігінің алдын алу

 

2023 жылы ОШКММ тарапынан орман заңдылықтарын сақтау жөнінде 618 рейд жүргізілді. 3 заңсыз сүрек кесу оқиғасы анықталып, заңсыз ағаш кесу оқиғасы бойынша сот органдарына жолданды. Жалпы кесілген сүрек (өрік-0,72 м3) 11,62 текше метрді құрады. Келтірілген залал көлемі 2210,3 млн теңге құрады.

Орман заңдылықтарын бұзушылықтар бойынша 72 оқиға анықталды. Әкімшілік айыппұл 993,9 мың теңгені салынып, 850,8 мың теңгесі өндірілді.  Орман шаруашылығына келтірілген залал 3365,13 мың  теңгені құрап, 1262,83 мың теңге толық өндірілді. 

Орманда, орман-дала өрттерінің алдын алу, сөндіру мақсатында және орман заңдылықтарын бұзушылықтардың алдың алу жөнінде орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері бойынша 25 км минералдық жолақтар жаңадан жасалды, 1434 км жерге минералдық жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жоспарлып толығымен жасалды. Ормандарды өрт қауіпсіздігі, орман заңдылығын бұзушылықтардың алдың алу тақырыбында 214 дана аншлаг, панно, билбодтар жоспарланып 201 дана орындалды.

Орман қоры жеріне шекаралас орналасқан шаруа қожалықтарының субъектілеріне үгіт насихат жұмыстары жүргізілді, 989 дана ескерту мен міндеттемелер берілді, 2181 дана  үнбеттер таратылды. 127 рет семинарлар, лекциялар, әңгімелер өткізілді. Жергілікті теледидар бағдарламасына 8 сұхбат, бұқаралық ақпараттары арқылы 135 мақала жарияланды.

 

2023 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 3 орман өрті тіркеліп,   орман өртінің жалпы ауданы 373,6 га., оның орманмен көмкерілгені 17,7га., орманды емес алқап 53,8 га., келтірілген залал 1583,8 мың теңгені құрады.

ОШКММ бойынша:

 «Алакөл орман шаруашылығы» КММ 2 орман өрті;

  • 03.2023 Үшарал орманшылығы, жалпы өртеңген алаң 149,1 га, орманмен көмкерілген алқап 13,9 га, келтірілген залал 1190,0 мың теңге.
  • 04.2023 Үшарал орманшылығы, жалпы өртеңген алаң 224,2 га, орманмен көмкерілген алқап 3,8 га, келтірілген залал 333,90 мың теңге.

«Жаркент орман шаруашылығы» КММ 1 орман өрті;

  • 08.2023 Іле орманшылығы, жалпы өртеңген алаң 0,3 га, орманмен көмкерілген алқап 0,0 га, келтірілген залал 59,8 мың теңге.

 

Орманды зиянкестермен, аурулардан қорғау

         2023 жылы  жер үсті химиялық өңдеу жұмыстары 700,0 гектар жерде жүргізу жоспарланып, толығымен орындалды.

Оның ішінде  Алакөл ОШКММ –100 га Талдықорған ОШКММ – 300,0 га. Үйгентас ОШКММ-300га аумақта.

 

 

 

Жануарлар дүниесі

   2023 жылдың басынан «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлескен  78 рейд және тексерістер өткізілді. Барлығы 41 табиғат заң бұзушылық анықталды, оның ішінде 19 аң аулау ережесін бұзғандар және 21 балық аулау ережесін бұзғандар, сонмен қатар 1 заңсыз тасымалдау (ӘҚБтҚ-нің 389-баптың 1 тармағы).

  Жетісу облысының аумағында 101 балық шаруашылығы су айдындарымен және (немесе) учаскелері бар, оның ішінде балық шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығының 41 субъектісіне 56 балық шаруашылығы су айдындарымен және (немесе) учаскелері бекітілген, қалған 45 балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскесі резервте қалып отыр.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 09.06.2022 жылғы №208 "2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіту туралы "бұйрығына сәйкес Жетысу облысы бойынша 2520,225 тонна балық бөлінді, оның ішінде Балқаш көлі бойынша 1488,32 тонна, Алакөл көлдер жүйесі бойынша 1031,905 тонна.

Бүгінгі күнге жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша     17,940 млн. теңгеге балық аулауға 19 рұқсат берілді.

Жетісу облысының аумағында 56 аңшылық алқаптары бар, оның ішінде 50 аңшылық алқаптар 40 аңшылық пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Аңшылық алқаптарының резервтік қорында 6 аңшылық алқаптар қалып отыр. Бекітілген аңшылық алқаптардың жалпы көлемі 2368082 гектарды құрайды.

  2023 жылдың басынан жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жалпы соммасы 52,3 млн. теңгеге аң аулауға 603 рұқсат берілді.

 2023 жылға   балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін   паспорттауға 10,0 млн. теңге бөлінді.

                                            

Жобаларды экологиялық сараптама

2023 жылы Экологиялық сараптамаға 109 жоба түсті. Қарастырылған құжаттар бойынша сараптаманың 56 оң қорытындысы берілді, 52 жобалық құжаттар қарастырылмай кері қайтарылды. 1 өтініш қарастырылуда.

Объектілер операторлардан экологиялық рұқсат алуға 37 өтініш қабылданып 27 рұқсат рәсімделді. 6 өтінішке рұқсат беруден дәлелді түрде бас тартылды. 4 өтініш қарастырылуда.

Табиғатты қорғау іс-шаралары

Жетісу облыстық табиғатты қорғау шаралар жоспары бойынша 2023 жылы атқарылатын негізгі жұмыстарға облыстық бюджеттен 311,2 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

  • «Қаратал ауданы Қаратал өзені арнасының Аққайр тармағын механикаландырылған тазалау» жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы алынды – 2,0 млн. теңге.
  • Қаратал ауданы Қаратал өзені арнасының Аққайр тармағын механикаландырылған тазарту жұмыстары – 156,4 млн. теңге. «Жақсымбет» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды. ҚМЖ – 156,4 млн. тенге, авторлық қадағалау – 1,8 млн теңге, техниқалық қадағалау – 4,8 млн теңге.
  • «Қаратал ауданы Қаратал өзені арнасының Аққайр тармағын механикаландырылған тазалау»-2 кезең ЖСҚ әзірлеу – 31,1 млн. теңге. «Научно-производственное предприятие «Биосфера» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды.
  • Жетісу облысы бойынша жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарынын паспорттауға – 9,4 млн. теңге. «НПЦРХ» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды.
  • Жетісу облысының 2023-2027 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу – 21,9 млн. теңге. «ККТК LTD» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды.
  • Қалалық агломерациясында атмосфералық ауаның ластануының жиынтық есептеулерін жүргізу (Талдыкорган қ., Өтенай а/о, Еркін а/о) – 18,4 млн. теңге. «Ренессанс плюс» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды.
  • Қаратал ауданы Үштобе қаласы агломерациясында атмосфералық ауаның ластануының жиынтық есептеулерін жүргізу – 11,0 млн. теңге. «Ренессанс плюс» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды.
  • Панфилов ауданы Жаркент қаласы агломерациясында атмосфералық ауаның ластануының жиынтық есептеулерін жүргізу – 9,2 млн. теңге. «Ренессанс плюс» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды.
  • Алакөл ауданы Үшарал қаласы агломерациясында атмосфералық ауаның ластануының жиынтық есептеулерін жүргізу -11,0 млн теңге. «Ренессанс плюс» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды.

2023 жылы  12,4 млн. теңгеге «Ескелді ауданы Мельничный, Сарыбұлақ өзендері, Кербұлақ ауданы Тынбас, Голубиновка, Қоғалы өзендерінің,  Ақсу ауданы Рай көлі су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. «Жанай» ЖК ЖШС-мен келісім шарт жасалынды.

Дата публикации
07 ноября 2023