Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың Жетісу облысында мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орманды пайдалану құқығын шектеу туралы» 2023 жылғы 09 маусымдағы №174 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 42-19 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орман пайдалану құқығын шектеу туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
- «Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын және орман пайдалану құқығы шектелсін».
- «Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4..Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысының әкімі Б. Исабаев