Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының 2022 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 

.

 

Орман шаруашылығы

 

Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры 1,5 млн.га, оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 330,9 мың га.

Мемлекеттік орман қорын күзету, сақтау, орман ресурстарын пайдалану, орман өсіру және молықтыру жұмыстарын 7 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» атқарады.

Орманды пайдалану

2005 жылдан бері ұзақ мерзімге орман ресурстарын пайдалану жүзеге асырылуда. Жалпы ауданы 88,3 мың га. жердегі 380 келісім-шарт бойынша  орман пайдаланушылар орман ресурсын  пайдалануда, оның ішінде: мал жаю және шөп шабу 83,5 мың га –237, омарта орналастыру  71,2 – 39, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру 117,6 га – 8, аң шаруашылығы қажеттілігі үшін 11,8  га – 5, сауықтыру рекреациялық, туристтік және спорттық мақсаттар үшін 2,6 мың га – 88, ғылыми зерттеу мақсатында 2 га – 2,  марал өсіру 1911 га-1.

 

Кеспеағаш қорын игеру

2022 жылға бөлінген кеспеағаш қоры 2137,2 текше метр, оның ішінде: басты мақсатта – 202,5 текше метр.  Аралық мақсатта (күтіп-баптау) 246,0 текше метр. Іріктеме санитарлық кесу 392,0 текше метр.  Өзге де мақсатта 1498,2 текше метр.

Орындалғаны 2330,2 текше метр.

 

Орманды қалпына келтіру

2022 жылы орман қоры жерлерінде жалпы 2,3 мың га орман өсіру жұмыстары жоспарлануда, оның ішінде: 207,5 га (828,4 мың дана) көшетпен отырғызу,  2100,0 га (шығымы 4347 мың дана) тұқыммен себу. Көктемгі орман өсіру жұмыстары 69,5 га аумақта жүргізіліп, 255,4 мың дана көшеттер мен екпелер отырғызылады (қылқан жапырақтылар – 13,9 га, 92,1 мың дана, жалпақ жапырақтылар – 55,6 га, 163,3 мың дана).  Күзгі орман өсіру жұмыстары бойынша 138,0 га жерге 573,0 мың дана отырғызылады және 2100,0 га жерге 10500 кг қара сексеуіл тұқымын себу жоспарлануда (4347,0 мың дана тұқым шығымдылығымен).

Орманның табиғи қалпына келуіне ықпал ету жұмыстары 88,5 га аумақта жоспарланып толығымен орындалды.

Көктемгі орман өсіру жұмыстары бойынша орман қоры аумағында 69,5 га жерге 255,4 мың дана отырғызылды.

Орман шаруашылығы мекемелері бойынша:

- «Алакөл орман шаруашылығы» КММ – Терек – 6,0 га, 24,0 мың дана,        Тал – 8,0 га, 32,0 мың дана,

-    «Бөрлітөбе орман шаруашылығы» КММ – Жиде – 3,1 га, 10,332 мың дана,

  • «Жаркент орман шаруашылығы» КММ – Терек – 2,3 га, 7,656 мың дана,
  • «Жоңғар орман шаруашылығы» КММ – Шренк шыршасы – 2,4 га, 18,72 мың дана,
  • «Талдықорған орман шаруашылығы» КММ – Шренк шыршасы – 10,5 га, 68,6 мың дана, қайың – 7,3 га, 23,36 мың дана, Сиверс алмағашы – 1,2 га, 4,8 мың дана, қарағай – 1,0 га, 4,8 мың дана, қарағаш – 0,4 га, 1,76 мың дана,
  • «Үйгентас орман шаруашылығы» КММ – Қарағаш – 20,0 га, 36,0 мың дана, Сиверс алмағашы – 7,3 га, 24,33 мың дана.

 Барлығы 70,0 га аумақта орман көшеттерін толықтыру жұмыстары жүргізіліп 261,1 мың дана көшет отырғызылды. Мекемелер бойынша:

«Алакөл орман шаруашылығы» КММ-де 44,3 га аумақта 174,18 мың дана,

«Бөрлітөбе орман шаруашылығы» КММ-де 3,1 га аумақта 2,5 мың дана,

«Жоңғар орман шаруашылығы» КММ-де 0,7 га аумақта 5,6 мың дана,

«Жаркент орман шаруашылығы» КММ-де 2,3 га аумақта 2,0 мың дана,

 «Талдықорған орман шаруашылығы» КММ-де 8,3 га аумақта 37,84 мың дана,

«Үйгентас орман шаруашылығы» КММ-де 11,3 га аумақта 39,0 мың дана.

Күзгі орман өсіру жұмыстары аяқталды, Алакөл ОШ КММ орман қоры аумағында 138,0 га жерге 573,1 мың дана отырғызылды. Жаркент және Үштөбе ОШ КММ-ен 2119,0 га аумақта 11295,0 кг қара сексеуіл тұқымы себілді.

Облыстың елді мекендерін көгалдандыруға 7,2 (2021 жылы 5,0 млн тг) млн теңгеге  12,5 мың дана көшет материалы сатылды.

 

Орманды қорғау, күзету және өрт қауіпсіздігінің алдын алу

 

2022 жылдың басынан бері ОШКММ тарапынан орман заңдылықтарын сақтау жөнінде 628 рейд жүргізілді.

1 заңсыз сүрек кесу оқиғасы анықталып, оның ішінде орман шаруашылығы қызметкерлерімен 1 заң бұзушылыққа әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылды, 1 заңсыз ағаш кесу оқиғасы бойынша сот органдарына жолданды. Жалпы кесілген сүрек 0,72 текше метрді құрады. Келтірілген залал көлемі 11,0 мың теңге құрап, толығымен өндірілді.  Әкімшілік айыппұл 1142.4 мың тг салынған.

Орман заңдылықтарын бұзушыларға 42 хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл 1142,4 мың теңгені құрап, 926.5 мың теңгесі өндірілді.  

Орман шаруашылығына келтірілген залал бойынша:

- 25 оқиға орман заңдылықтарын өзге де бұзушылардан анықталып, 2,1 мың тенге орман шаруашылығына залал келтірілді. Өндірілгені 2,1 мың тенге.

- 16 оқиға орман қоры жерлерінде өз еркімен шөп шабу, мал жаюдан тіркеліп 335,3 мың теңге залал келтіріліп, 222,02 мың теңгесі өндірілді.

Орманда, орман-дала өрттерінің алдын алу, сөндіру мақсатында және орман заңдылықтарын бұзушылықтардың алдың алу жөнінде орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері бойынша 28 км минералдық жолақтар жаңадан жасалыну жоспарланып 28 км жаңадан жасалды. Минералдық жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуі 1352 км жерге жоспарланып, 1352 км жерге жасалынды. Ормандарды өрт қауіпсіздігі, орман заңдылығың бұзушылықтардың алдың алу тақырыбында 225 дана аншлаг, панно, билбодтар жоспарланып, 223 дана жаңадан жасалып тиісті орындарына орнатылды. Орман қоры жеріне шекаралас орналасқан шаруа қожалықтарының субъектілеріне үгіт насихат жұмыстары жүргізулуде, 655 дана ескерту мен міндеттемелер берілді, 1552 дана  үнбеттер таратылды. 68 рет семинарлар, лекциялар, әңгімелер өткізілді. Жергілікті бұқаралық ақпараттары арқылы 152 мақала жарияланды. Жергілікті теледидарларға 4 сұхбат берілді.

2022 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 11 орман өрті тіркеліп,   орман өртінің жалпы ауданы 3367,8 га., оның орманмен көмкерілгені 1174 га., орманды емес алқап 2193,7 га., келтірілген залал 48,0 млн теңгені құрады.

ОШКММ бойынша:

«Жаркент орман шаруашылығы» КММ 2 орман өрті;

  • 02.22 жылы Көктал орманшылығы, жалпы өртенген ауданы 0,62 га. оның орманды емес аумағы 0,62 га. Келтірілген залалы 0,60 мың теңге.
  • 04.22 Көктал орманшылығы, жалпы өртенген ауданы 0,624 га. оның орманды емес аумағы 0,62 га. Келтірілген залал жоқ.

 «Бөрлітөбе орман шаруашылығы» КММ 3 орман өрті;

  • 04.22 Құрақсу орманшылығы, жалпы өртеңген алаң 352,3 га, орманмен көмкерілген алқап 15,4 га, орманды емес алқап 336,9 га, келтірілген залал 1093,7 мың теңге.
  • 04.22 Құрақсу орманшылығы, жалпы өртеңген алаң 1,2 га, орманмен көмкерілген алқап 1,2 га, келтірілген залал 30,40 мың теңге.
  • 05.22 Құрақсу орманшылығы, жалпы өртеңген алаң 1,7 га, оның бәрі орманмен көмкерілмеген алқап, келтірілген залал 243,4 мың теңге.

«Алакөл орман шаруашылығы» КММ 3 орман өрті;

  • 04.22 Тоқты орманшылығы, жалпы өртеңген алаң 3,0 га, орманмен көмкерілген алқап 3,0 га, келтірілген залал 640,9 мың теңге.
  • 08.22 Тоқты орманшылығы, жалпы өртеңген алаң 381,7 га, орманмен көмкерілген алқап 381,7 га, келтірілген залал 7809,14 мың теңге.
  • 09.22 Тоқты орманшылығы, жалпы өртеңген алаң, 2466.2 га, орманмен көмкерілген алқап 723.0 га, келтірілген залал 19368.37 мың теңге.

«Үйгентас орман шаруашылығы» КММ 2 орман өрті;

  • 09.22 Көкжар орманшылығы, жалпы өртеңген алаң 159,6 га, орманмен көмкерілген алқап 49,8 га келтірілген залал 994.53.

  -   12.10.2022 жылы - Кабанбай орманшылығы, жалпы өртеңген алаң 1,6 га,     келтірілген залал 18,2 мың тг.

«Талдықорған орман шаруашылығы» КММ 1 орман өрті;

  • 09.22 Текелі орманшылығы, жалпы өртеңген алаң 0,3 га, орманды емес алқап, келтірілген залал 7,4 мың теңге.

 

Орманды зиянкестермен, аурулардан қорғау

         2022 жылы  жер үсті химиялық өңдеу жұмыстарын 401,4 гектар жерде жүргізу жоспарлануда, оның ішінде  Талдықорған ОШКММ – 300,0 га., Алакөл ОШКММ –100 га., Жоңғар ОШ КММ-1,4 га. аумақ.

         Қазіргі уақытта, Алакөл ОШ КММ-100,0 га., Жоңғар ОШ КММ-1,4 га.  Талдықорған ОШКММ – 300,0 га  аумақта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

 

Жануарлар дүниесі

   2022 жылы  «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен    56 рейд және тексерістер өткізілді. Жалпы 21 табиғат заң бұзушылыларға хаттама толтырылды, оның ішінде 9 аң аулау және 12 балық аулау ережесін бұзғандар. Соның ішінде 20 табиғат заңдылығын бұзушыларға 490080 теңге айыппұл салынып,  15  заң  бұзушыдан 176122,5 теңге өндірілді. 

  Жетісу облысының аумағында 100 балық шаруашылығы су айдындарымен және (немесе) учаскелері бар, оның ішінде балық шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығының 37 субъектісіне 55 балық шаруашылығы су айдындарымен және (немесе) учаскелері бекітілген, қалған 45 балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскесі резервте қалып отыр.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 09.06.2022 жылғы №208 "2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіту туралы "бұйрығына сәйкес Жетысу облысы бойынша 1 624,4 тонна балық бөлінді. Оның ішінде Балқаш көлі бойынша 800,0 тонна, Алакөл көл жүйесі бойынша 828,4 тонна.

Бүгінгі күнге жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша 2 974,512 мың теңгеге балық аулауға 26 рұқсат берілді.

Жетісу облысының аумағында 56 аңшылық алқаптары бар, оның ішінде 50 аңшылық алқаптар 40 аңшылық пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Аңшылық алқаптарының резервтік қорында 6 аңшылық алқаптар қалып отыр. Бекітілген аңшылық алқаптардың жалпы көлемі 2368082 гектарды құрайды.

  Бүгінгі күнге жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жалпы соммасы 55,3 млн. теңгеге аң аулауға  772 рұқсат берілді.

 2022 жылы Алакөл көл жүйесінің 12 резервтік балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін және жергілікті маңызы бар 4 балық шаруашылығы су айдындарын паспорттауға 10,0 млн. теңге бөлінді.

                                            

Жобаларды экологиялық сараптама

2022 жылы Экологиялық сараптамаға 41 жоба түсті. Қарастырылған құжаттар бойынша сараптаманың 19 оң қорытындысы берілді, 22 жобалық құжаттар қарастырылмай кері қайтарылды.

Операторлардан экологиялық рұқсат алуға 28 өтініш қабылданып 23 рұқсат рәсімделді. 5 өтінішке рұқсат беруден дәлелді түрде бас тартылды.

 

Табиғатты қорғау іс-шаралары

Жетісу облыстық табиғатты қорғау шаралар жоспары бойынша 2022 жылы атқарылатын негізгі жұмыстарға облыстық бюджеттен 10,8 млн. теңге бөлінді, оның ішінде: «Қаратал ауданы Қаратал өзені арнасының Аққайр тармағын механикаландырылған тазалау» ЖСҚ әзірлеу.

 

 

Қ. Даурембеков

М. Дарикбаев

 

Дата публикации
03 мая 2023