Орман шаруашылығы
Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры 1,5 млн.га, оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 330,9 мың га.
Мемлекеттік орман қорын күзету, сақтау, орман ресурстарын пайдалану, орман өсіру және молықтыру жұмыстарын 7 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» атқарады.
Орманды пайдалану
2005 жылдан бері ұзақ мерзімге орман ресурстарын пайдалану жүзеге асырылуда. Жалпы ауданы 205,8 мың га. жердегі 400 келісім-шарт бойынша орман пайдаланушылар орман ресурсын пайдалануда, оның ішінде: мал жаю және шөп шабу 200,8 мың га –239, омарта орналастыру 0,08 мың га – 47, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру 0,01 мың га – 6, аң шаруашылығы қажеттілігі үшін 0,01 мың га – 5, сауықтыру рекреациялық, туристтік және спорттық мақсаттар үшін 2,9 мың га – 100, ғылыми зерттеу мақсатында 0,02 мың га – 2, марал өсіру 1,9 мың га – 1.
Кеспеағаш қорын игеру
2022 жылға бөлінген кеспеағаш қоры 2137,2 текше метр, оның ішінде: басты мақсатта – 202,5 текше метр. Аралық мақсатта (күтіп-баптау) 246,0 текше метр. Іріктеме санитарлық кесу 392,0 текше метр. Өзге де мақсатта 1498,2 текше метр.
Орындалғаны 2330,2 текше метр.
Орманды қалпына келтіру
2022 жылы көлемі 2326,5 гектар жерге 828,5 мың дана ағаш отырғызылды және 11295,0 кг қара сексеуіл тұқымы егілді. Жалпы жоспар 100%-ға орындалды.
2023 жылы орман қоры жерлерінде жалпы 3116,4 га орман өсіру жұмыстары жоспарланды, оның ішінде: 282,4 га жерге 1121,9 мың дана көшетпен отырғызу, 2834,0 га тұқыммен себу (шығымы 5866,4 мың дана).
Орманның табиғи қалпына келуіне ықпал ету жұмыстары 88,5 га аумақта жоспарланып толығымен орындалды.
Барлығы 70,0 га аумақта орман көшеттерін толықтыру жұмыстары жүргізіліп 261,1 мың дана көшет отырғызылды.
Облыстың елді мекендерін көгалдандыруға 7,2 млн теңгеге 12,5 мың дана көшет материалы сатылды.
Орманды қорғау, күзету және өрт қауіпсіздігінің алдын алу
2023 жылы ОШКММ тарапынан орман заңдылықтарын сақтау жөнінде 119 рейд жүргізілді.
Орман заңдылықтарын бұзушылықтар бойынша 8 оқиға анықталды. Әкімшілік айыппұл 88,0 мың теңгені салынып, 88,0 мың теңгесі толық өндірілді. Орман шаруашылығына келтірілген залал 148,3 мың теңгені құрады, оның 139,7 мың теңгесі толық өндірілді.
Орманда, орман-дала өрттерінің алдын алу, сөндіру мақсатында және орман заңдылықтарын бұзушылықтардың алдың алу жөнінде орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері бойынша 25 км минералдық жолақтар жаңадан жасалу, 1434 км жерге минералдық жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жоспарланды. Ормандарды өрт қауіпсіздігі, орман заңдылығын бұзушылықтардың алдың алу тақырыбында 214 дана аншлаг, панно, билбодтар жоспарланып жаңадан жасалу жоспарланды.
Орман қоры жеріне шекаралас орналасқан шаруа қожалықтарының субъектілеріне үгіт насихат жұмыстары жүргізілді, 299 дана ескерту мен міндеттемелер берілді, 330 дана үнбеттер таратылды. 82 рет семинарлар, лекциялар, әңгімелер өткізілді. Жергілікті бұқаралық ақпараттары арқылы 19 мақала жарияланды.
2022 жылы ОШКММ тарапынан орман заңдылықтарын сақтау жөнінде 628 рейд жүргізілді.
Орман заңдылықтарын бұзушылықтар бойынша 56 оқиға анықталды. Әкімшілік айыппұл 1180,7 мың теңгені салынып, 957,1 мың теңгесі өндірілді. Орман шаруашылығына келтірілген залал 348,5 мың теңгені құрады, оның 235,1 мың теңгесі өндірілді.
Орманда, орман-дала өрттерінің алдын алу, сөндіру мақсатында және орман заңдылықтарын бұзушылықтардың алдың алу жөнінде орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері бойынша 28 км минералдық жолақтар, 1352 км жерге минералдық жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жоспарланып жаңадан жасалды. Ормандарды өрт қауіпсіздігі, орман заңдылығын бұзушылықтардың алдың алу тақырыбында 225 дана аншлаг, панно, билбодтар жоспарланып жаңадан жасалып тиісті орындарына орнатылды. Орман қоры жеріне шекаралас орналасқан шаруа қожалықтарының субъектілеріне үгіт насихат жұмыстары жүргізілді, 655 дана ескерту мен міндеттемелер берілді, 1552 дана үнбеттер таратылды. 68 рет семинарлар, лекциялар, әңгімелер өткізілді. Жергілікті бұқаралық ақпараттары арқылы 152 мақала жарияланды. Жергілікті теледидарларға 4 сұхбат берілді.
2022 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 11 орман өрті тіркеліп, орман өртінің жалпы ауданы 3367,8 га., оның орманмен көмкерілгені 1174 га., орманды емес алқап 2193,7 га., келтірілген залал 29,9 млн теңгені құрады.
Орманды зиянкестермен, аурулардан қорғау
2022 жылы жер үсті химиялық өңдеу жұмыстары 401,4 гектар жерде жоспарланып, толығымен жүргізілді.
Жануарлар дүниесі
2022 жылы «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 56 рейд және тексерістер өткізілді. Жалпы 21 табиғат заң бұзушылыларға хаттама толтырылды, оның ішінде 9 аң аулау және 12 балық аулау ережесін бұзғандар. Соның ішінде 20 табиғат заңдылығын бұзушыларға 490080 теңге айыппұл салынып, 15 заң бұзушыдан 176122,5 теңге өндірілді.
2023 жылдың басынан «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлескен 32 рейд және тексерістер өткізіліп, 20 табиғат заң бұзушылық анықталды (аң аулау ережесін бұзу).
Жетісу облысының аумағында 100 балық шаруашылығы су айдындарымен және (немесе) учаскелері бар, оның ішінде балық шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығының 37 субъектісіне 56 балық шаруашылығы су айдындарымен және (немесе) учаскелері бекітілген, қалған 44 балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскесі резервте қалып отыр.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 09.06.2022 жылғы №208 "2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіту туралы "бұйрығына сәйкес Жетысу облысы бойынша 1781,4 тонна балық бөлінді, оның ішінде Балқаш көлі бойынша 950,0 тонна, Алакөл көлдер жүйесі бойынша 831,4 тонна.
Бүгінгі күнге жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша 14,9 млн. теңгеге балық аулауға 36 рұқсат берілді.
Жетісу облысының аумағында 56 аңшылық алқаптары бар, оның ішінде 50 аңшылық алқаптар 40 аңшылық пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Аңшылық алқаптарының резервтік қорында 6 аңшылық алқаптар қалып отыр. Бекітілген аңшылық алқаптардың жалпы көлемі 2368082 гектарды құрайды.
Бүгінгі күнге жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жалпы соммасы 55,3 млн. теңгеге аң аулауға 772 рұқсат берілді.
2023 жылға балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауға 10,0 млн. теңге бөлінді.
Жобаларды экологиялық сараптама
2023 жылы Экологиялық сараптамаға 30 жоба түсті. Қарастырылған құжаттар бойынша сараптаманың 12 оң қорытындысы берілді, 14 жобалық құжаттар қарастырылмай кері қайтарылды. 4 өтініш қарастырылуда.
Операторлардан экологиялық рұқсат алуға 15 өтініш қабылданып 9 рұқсат рәсімделді. 3 өтінішке рұқсат беруден дәлелді түрде бас тартылды. 3 өтініш қарастырылуда.
Табиғатты қорғау іс-шаралары
Жетісу облыстық табиғатты қорғау шаралар жоспары бойынша 2023 жылы атқарылатын негізгі жұмыстарға облыстық бюджеттен 350,5 млн. теңге бөлінді, оның ішінде: