ЖОБА
Жетісу облысының ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2 тармағының 2-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38 бабының 1 тармағына сәйкес Жетісу облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
- Жетісу облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидалары осы шешімінің қосымшасына сәйкес белгіленсің.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Жетісу облысының мәслихаттың ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат хатшысы Г. Тойлыбаева