Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

ЖОБА

 

Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39-бабының 2 тармағының,

2-1 тармақшсына және 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы     № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  3. «Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

       1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде «Жетісу облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау «Жетісу облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Жетісу облысы әкімі  

Б. Исабаев

Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Дата публикации
09 сентября 2022