Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы

Жоба

 

Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1 тармақшасына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2.   «Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін оның орналастырылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде «Жетісу облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 1 және 2 тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау «Жетысу облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
  2.   Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

       Жетісу облысы  әкімі

Б. Исабаев

Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы
Дата публикации
09 сентября 2022