ЖОБА
Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39-бабының 2 тармағының,
2-1 тармақшсына және 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде «Жетісу облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуын қамтамасыз етсін.
|
Жетісу облысы әкімі |
Б. Исабаев |
|
+ |
Жетісу облысы әкімдігінің № _______ қаулысына |
Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің тізбесі
|
№ |
Су объектілері |
Аудан, қала |
Су қорғау аймақтарының ені, метр |
Су қорғау белдеулерінің ені, метр |
|
1 |
Алакөл көлі (түзету) |
Алакөл |
500 |
35 |
|
2 |
Сасықкөл (түзету) |
Алакөл |
500 |
35 |
|
3 |
Жалаңашкөл (түзету) |
Алакөл |
500-3983 |
35 |
|
4 |
Чинжалы (Шыңжалы) өзені (түзету) |
Алакөл |
500 |
35-100 |
|
5 |
Шет-Тентек өзені |
Алакөл |
500-700 |
35-100 |
|
6 |
Орта Тентек өзені |
Алакөл |
500-800 |
35-100 |
|
7 |
Қапал өзені |
Ақсу |
500-600 |
35-100 |
|
8 |
Қора өзені |
Ескелді, Текелі |
500-600 |
35-100 |
|
9 |
Балықты өзені |
Ескелді, Талдықорған |
500-600 |
35-100 |
|
10 |
Текелі өзені |
Ескелді, Текелі |
500-600 |
100 |
|
11 |
Чиже (Шажа) өзені |
Ескелді, Текелі |
35-1300 |
35-150 |
|
12 |
Қусак (Кемір) өзені |
Ескелді, Көксу |
500-600 |
35-100 |
|
13 |
Майтөбе өзені |
Кербұлақ |
550-700 |
50-100 |
|
14 |
Талды өзені |
Кербұлақ |
500-550 |
35-100 |
|
15 |
Айнабұлак өзені |
Кербұлақ |
500-600 |
35-100 |
|
16 |
Тышқан өзені |
Панфилов |
500-550 |
35-100 |
|
17 |
Шыжың өзені |
Панфилов |
500-600 |
35-100 |
|
18 |
Бұрхан өзені |
Панфилов |
500-550 |
35-100 |
|
19 |
Үшарал өзені |
Панфилов |
500-600 |
35-100 |
|
20 |
Қызылащы өзені |
Панфилов |
500-600 |
35-100 |
|
21 |
Ұзынбұлак өзені |
Панфилов |
500-600 |
55-100 |
|
22 |
Теректі |
Сарқан |
500-600 |
35-100 |
|
23 |
Сарқан өзені (кадастрлық нөмірі 03-263-042-404, 03-263-042-408) |
Сарқан |
500 |
35 |
|
24 |
Балқаш көлі (Лепсі ауылдық округінің әкімшілік шекарасы, демалыс аймағының жағалауы) |
Сарқан |
500 |
100 |
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ендері бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.
|
+ |
Жетісу облысы әкімдігінің № _______ қаулысына |
Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 145-1 бабымен белгіленген талаптар ескере отырып қолданылады;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобаларсыз ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.