Жетісу облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

  Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 1-тармағының  3) тармақшасына  «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                         № 36238  тіркелген) Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жетісу облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Жетісу облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                           Б. Исабаев

Жетісу облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Дата публикации
15 мая 2026