
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 25 тамызда Петропавл қаласында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Байқауға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарда іріктеуден өткен 20 үміткер – мемлекеттік тілді жетік меңгерген, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарында (ХҚКО, «Қазақтелеком», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы», банк, нотариус және т.б. салалар) қызмет атқаратын, 18-35 жас аралығындағы этнос өкілдері қатысты.
Жетісу облысы атынан Панфилов ауданынан Абдушакиорв Азиз Алимжанұлы бағын сынап, ынталандыру жүлдесіне ие болды.