
Бүгін 2022 жылғы 2 желтоқсан күні Тіл сарайында Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны» атты облыстық байқау өтті.
Шараның мақсаты мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген азаматтарды ынталандыру.
Байқауда мемлекеттік тілді жетік меңгерген аудан, қалаларда іріктеуден өткен медецина саласы мамандары мен студенттері бақтарын сынады.
Байқауда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің кафедра меңгерушісі Ш.Қияхметова, ақын, Жетісу облысы әкімі аппаратының бас инспекторы Г.Қасен, Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Н.Қойбағарова қазылық етті.
Байқаудың қорытындысы бойынша I орынды М.Сибирякова (Алакөл ауданы), II орын А.Расулова (Талдықорған қаласы), III орын А.Жигалкина (Панфилов ауданы),III орын С.Сеитова (Текелі қаласы)иеленді.
Шараға медицина колледжінің студенттері көрермен ретінде қатысып, белсенділік танытса,Талдықорған әуендері ансамблінің өнерпаздары әсем әуендерімен әрлеп, шараның жоғарғы деңгейде өтуіне үлестерін қосты.