«Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» облыстық байқауы

«Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» облыстық байқауы

          «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» облыстық байқауының   ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

       Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» облыстық байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты мен міндеті:
1) Кітап оқу мәдениетін дамыту және кітапсүйер оқырманға қолдау көрсету;
2) Облыс тұрғындарын кітап оқуға ынталандыру;
3) Үздік көркем әдеби шығамаларды кеңінен насихаттау.

2. Байқаудың тәртібі

1. Басқарма байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
2. Байқау 2022 жылғы 10 қарашада басталады және 10 желтоқсанда аяқталады.
3. Байқауға студенттер және облыстың ересек тұрғындары қатыса алады. Қатысушылардың санына және жасына шектеу қойылмайды.
4. Байқауға қатысушылар https://clck.ru/32ceH6 осы сілтеме арқылы міндетті түрде телеграм қаналға тіркеледі.
5. Байқау туралы толық ақпарат, PDF форматтағы кітаптардың электрондық нұсқалары, қажетті мәліметтер телеграм каналда, Басқарманың ресми сайтында, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

3. Байқаудың шарты

6. Байқау келесі тәртіппен ұйымдастырылады.
1) Байқауға қатысушы https://clck.ru/32ceH6 сілтеме арқылы телеграм каналға тіркелгеннен кейін бекітілген кітапты оқиды. Кітаптарды офлайн және онлайн PDF форматта электрондық нұсқаларын жүктеп оқи аласыздар.
2) 2022 жылғы 5 желтоқсанға дейін студенттер – Әзілхан Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» романын, ересектер – Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романын оқып бітіруі керек.
3) Байқауға қатысушылар бекітілген күні Google формада тест тапсырады.

Тест Телеграм каналында өтеді, бекітілген шығарма бойынша 100 сұрақ беріледі. Тест уақыты 90 минут болады. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін теске жіберілген жауаптар есептелмейді.

3. Қорытынды ережелер

7. Байқау жеңімпаздары Тестің нәтижесінде (жинаған балы, уақыты ескерілді) анықталады.
8. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Тәуелсіздік күні қарсаңында Басқарманың І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдарымен, Алғыс хаттарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады (уақыты қосымша хабарланады) .
9. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Бақарманың интернет ресурстарында орналастырылады.
Туындаған сұрақтар бойынша төмендегі телефондарға хабарласуға болады: 8(7282) 40-01-62; 87778479008.