«Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп «Әділетті Қазақстан: мемлекеттік тілдің бүгіні мен болашағы»

«Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп «Әділетті Қазақстан: мемлекеттік тілдің бүгіні мен болашағы»

           Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігі Ғылым комитеті мен Ахмет Байұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп «Әділетті Қазақстан: мемлекеттік тілдің бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырды.

         Zoom платформасында өткен конференцияға Тіл білімі институтының директоры А. Фазылжан, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М. Отарбаев, ҚР ҰҒА академигі, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері З. Базарбаева, Түркия Республикасы Ere университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы М. Өнер, Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ә. Қаба, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Қ. Дүйсен және т.б. қатысты.
           «Қазақ тілі өз мәртебесінде үздіксіз, әрі дамытуға, қоғамның барлық саласында қолдануылуын арттыруға жағдай жасап, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейту керек», - деді өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М. Отарбаев.
            Конференцияда «Әділетті Қазақстан» контексінде мемлекеттік тілдің бүгінгі ахуалындағы өзекті мәселелері және дамуындағы маңызды бағыттары талқыланды.