ЕҢБЕГІМЕН ЕР БЕДЕЛДІ

ЕҢБЕГІМЕН ЕР БЕДЕЛДІ

     Белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік Шыңғысхан Академисяның академигі, Қазақстан Журналистикасы Академиясының академигі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақ журналистикасының қайраткері, Алматы облысының және Талдықорған қаласының, Қаратал, Көксу аудандарының Құрметті азаматы, «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі» Жетісу облыстық филиалының төрағасы Әміре Әрінұлына құрмет көрсетіліп, «Құрмет» орденін иеленген сәтін ерекше тебіреніспен тіл жанашырларына көрсетілген құрмет деп қабылдадық. Құрметті Әміре Әрінұлы, марапатыңыз құтты болсын!

Бұл Сіздің ұзақ жылдардағы тынымсыз еңбегіңіздің жемісі.

Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат және шығармашылық табыс, отбасыңызға бақ-береке тілейміз!

 

Ізгі ниетпен, Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы