Областной конкурс "Государственный язык и СМИ"

Областной конкурс "Государственный язык и СМИ"

 

Жетісу және Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауы 15 жылдан астам уақыттан бері дәстүрлі түрде жалғасып келеді.
Байқаудың басты мақсаты мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау.
Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша биылғы додаға облысымыздағы барлық аудан, қала белсене қатысып, жиырмадан астам өтінім келіп түскен.
Шығармашылық өрісті ғана емес, кәсіби өршілдік пен аса терең мәдениетті қажет ететін мамандық майталмандары үш номинация бойынша, яғни «Үздік мақала», «Үздік телерадиобағдарлама», «Үздік сайт» мақаласы (үздік әлеуметтік желі)» бойынша бәйгеге түсті.
Байқаудың барлық талаптарын басшылыққа алған қазылар алқасының шешімімен «Үздік мақала» номинациясы бойынша 1-орынға Қуаныш Тұнғатардың мақаласы лайық деп танылды. Осы номинация бойынша 3-орын Альфита Сексенбаеваға бұйырды.
«Үздік сайт» номинациясында 1-орынға Қажет Андас, 2-орынға Айтбаев Темірлан ие болды.
«Үздік телерадио бағдарламасы» номинациясы бойынша жүлделі 1-орынды Мұхит Тоқтасын, 2-орынды Аяулы Қайратқызы қанжығалады.
Сондай-ақ, «Үздік мақала» номинациясы бойынша Игіман Жомарт, Назерке Әділбековаға ынталардыру сыйлығы берілді.
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшының міндетін атқарушы Т. Рахымберлина алқалай отырған журналистер қауымына «Қаламдарыңыздан қасиет кетпесін, ел игілігін ту еткен еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер» – деген тілегін жеткізді.
Жеңімпаздар ендігі кезекте республикада бақ сынамақ.